Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3793 0 пікір 1 Сәуір, 2011 сағат 06:57

Жаңа туған сәбилерге аудиометриялық тексеріс жүргізілді

АСТАНА. 1 cәуір. ҚазАқпарат /Айнұр Кенебаева/ - Ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында Астана қаласының медициналық мекемелерінде сәбилер мен репрудиктивті жастағы әйелдерге скринингті тексерулер жүргізілуде.

Әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу аясында қала емханаларында, перзентханаларда, қалалық онкологиялық диспансерде артериалдық гипертонияның алдын алу, глюкометриямен қандағы қант деңгейін, глаукоманы анықтау мақсатындағы дәрігерлік тексерістер өткізіліп жатыр.

Бүгін қалалық №1 перзентханада жаңа туған сәбилерге аудиометрия тексерісін өткізу бойынша ашық есік күндері өтіп жатыр.

«Аудиометриялық тексеріс ерте жастан балалардың есту қабілетін тексеру, туа біткен және тұқым қуалайтын патологияларды анықтау мен алдын алу арқылы дер кезінде дәрігерлік көмек көрсету үшін ұйымдастырылады. Дер кезінде жасалған тексеріс пен уақытылы емдеу кей жағдайларда есту қабілетін қалыпқа келтіруге септігін тигізеді» , - деді №1 перзентхана бас дәрігерінің орынбасары Халима Шарипова.

Халима Шарипованың мәлімдеуінше, осындай ашық есік күндері перзентханада екі апта бұрын өткізіліп, аналарының келісімі бойынша 12 балаға аудиометриялық тексеріс жүргізілген болатын.

Әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу аясындағы скринингті зерттеулер әлі де жалғаспақ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5554