Сенбі, 23 Қараша 2024
3233 0 пікір 4 Қазан, 2018 сағат 08:45

Алматыда ассамблея өкілдері дөңгелек үстелде бас қосты

Қазақстандағы ұлтаралық және дінаралық татулықты нығайту, ел бірлігі мен бейбітшілік идеясын насихаттау мақсатында «Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі» атты дөңгелек үстел өтті. Оны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі И.А.Крылов атындағы балалар кітапханасының конференция залында өткізді.

Дөңгелек үстелге «Қазақстан дұнған қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрғасы Абубакир Воинце, Грузин этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Кахабер Габелашвили, «Сомониен» тәжік этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Иноятуло Валиев, «Ахыска» халықаралық газетінің жауапты хатшысы Айнагүл Төлеутаева, Алматы Құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінің, Алматы технология және флорестика колледжінің студенттері қатысты. Жиынға белгілі қоғам белсендісі Батыржан Сейдомар модераторлық етті.

Алғашқы сөз алған Абубакир Воинце студенттерге: “Қазақ халқының ежелден басқа ұлттармен тату-тәтті болғанын, және қонақжайлылықпен қамқор болғанын”,- айтты. Кахабер Габелашвили Елбасының ұлтаралық және дінаралық татулықты нығайту бойынша  саясатының оңды нәтижелерінен мысалдар келтіріп сөйледі. Иноятуло Валиев осы тақырып бойынша өз ойымен бөлісіп кетті. Мәдениеттанушы Бердалы Оспанов ағамыз ежелгі ата-бабамыздан қалыптасқан ұлтаралық татулықтан бірнеше мысалдар келтіріп, қазіргі біз ұрпақтар сол жолдың жалғастырушысы екенімізді жеткізді. Дөңгелек үстелде 70-тен астам студент ассамблея мүшелерімен этномәдени бірлестіктер басшыларына сұрақтар қойып, көптеген пайдалы ақпараттар алды. Қатысушылар бір сағаттық кездесудің қалай тез өткенін байқамай қалды. Кездесу соңында студенттер ассамблея мүшелерімен және ұйымдастырушылармен бірге естелік фотоға түсті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381