Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3386 0 пікір 2 Сәуір, 2011 сағат 06:03

Алматыда «Құрманғазы мұралары» деп аталатын концерт өтеді

АЛМАТЫ. 2 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 8 сәуір күні «Құрманғазы мұралары» деп аталатын концерт өтеді. Ол тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналып отыр.

Оған Қазақстанның халық әртісі Тұяқберді Шәмілов көркемдік жетекшілік ететін Қазақ мемлекеттік академиялық Құрманғазы атындағы оркестр қатысады. Бас дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жалғасбек Бегендіков. Жеке орындаушылар арасында  әншілерден Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова, халықаралық конкурстардың лауреаты Дәлел Уәшев, домбырашылардан мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Бауыржан Мықтыбаев, Құрманғазы атындағы конкурстың бас жүлдегері Арман Жүдебаев және республикалық байқаулардың лауреаттары Сәбира Бибатырова мен Руслан Баймұхатов бар. Концертті мәдениет қайраткері Тұрарбек Хайралиев жүргізбек.

Қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлы 1823  жылы қазіргі  Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жерде дүниеге келіп,  1896 жылы  Астрахань (Ресей) облысындағы  «Құрманғазы төбе» деп аталатын жерде көз жұмған.  Құрманғазы  дәулескер күйші Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш, Байжұма, Баламайсан сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алды. Ол өзінің қайталанбас өнерімен ғана емес, өмірімен де туған халқының бүкіл қасиетіне, сол бір алмағайып аласапыран кезеңнің хал-күйіне еңжарқын айғақ бола білді.  Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекеті сияқты. Ал «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері  тіршіліктің нұрлы сәттеріне  арналған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576