Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4542 7 пікір 8 Қазан, 2018 сағат 11:43

Жолдаудан үлкен саяси реформалар күтіп едім

Жолдауды көлікте келе жатып тыңдадым. Қалтафонға жүктелген «Қазақстан» телеарнасының қосымшасы тікелей эфирді көруіме мүмкіндік берді. Форматы тосындау болды. Әдетте өзіміз куә болып жүрген Жолдау форумынан гөрі Үкімет отырысына ұқсап кетті. Өйткені Елбасы министрлерді, облыс әкімдерін тұрғызып сілкілеп жатты.
Жалпы өз басым бұл Жолдаудан үлкен саяси реформалар күтіп едім. Алайда ол таза келесі жылдың экономикалық проблемаларына ғана арналды. Дегенмен бірқатар игілікті жаңалықтар болатынын түйдік.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есе өсіп, 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге жетеді екен. Бұл да болса ілгерілеу. Статдеректерде орташа жалақы 150 мың теңгеден асып кетті дегенімен елімізде әлі күнге күніне 1000 теңге ғана табыс табатын еңбеккерлер баршылық. Олардың жалпы саны миллионнан асып кетеді екен. Сондықтан жетіліп кеттік деп мақтануға әлі ерте.
«Жол картасы» сияқты бағдарламалар жалғасын таппақ көрінеді. Елбасы өзі Қазақстанда тігілген костюм киетіндігін айтты. Ал ширпотреб ақсап жатқаны рас. Өндірісте қолма қол есептесудің тоқтатылатыны өзінше бетбұрыс жасамақ. Шынымен де қолма қол ақша жүрген жерде былық-шылық, жең ұшынан жалғасу жүріп жататыны анық.

Маған өте ұнағаны, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және орта кәсіпкерлік үшін салықтық амнистия жүргізілетіндігі. Қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуы үшін алдағы үш жылда 500 млрд теңге қаражат бөлінетіндігі де жақсы дерек.

Марат Байділдаұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5418