Сәрсенбі, 19 Желтоқсан 2018
Дін мен тін 766 6 пікір 10 Қазан, 2018 сағат 19:07

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларына ашық хат

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер 

сьезінің

 көшбасшылары

VІ сьезінің делегаттарына,

           Сьезд Төрағасы, ҚР Президенті Н. Назарбаевқа,

           Сьезд жұмысын көрсетуге келген әлем БАҚ өкілдеріне

Бисмиллай Рахмани Рахим

Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын. Барлық мақтау мен мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.), оның отбасы және қадірлі сахабаларына Аллаһ тағаланың нұры жаусын!

Бүгінгі ашылған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары сьезі жұмысына тілектестігімді білдіре отрып өз тарапымнан Сіздерге мынадай ерекше жаңалықты көрсете отырып, сүйіншілеп жеткізгім келіп отыр.

Маған соңғы төрт жыл көлемінде Ғайыптан амал болып Алла Тағаланың Құранды пайғамбарымызға уахи етіп түсіргені сияқты, сол Құранның 114 сүресін төрт түрлі  тәпсірмен түсіндірген - Ерекше ғылым, «Діни Ілім кітаптары» түсе бастады. Қазір екі баспадан жарық көрді, («Аллаһтың маған аяны», «Бір тұтас құран - менің тағдырым», «Ілім - ерекше ғылым», «Жылан терісіне жазылған діни жылнама», «Діни ілім - ерекше ғылым», «Жаннатқа жол», «Асылдан келген ақ кітап», «Аллаһтың Йа Сиин сүресін тәпсірлеп түсіндіруі», «Бір Аллаға сиынып, кел құранды оқылық», «Елбасына дін туралы екі хат»)   жалпы баспа көлемі 304 баспа табақ және осы жылдың аяғына дейін баспадан шығуға тапсырылып қойған 210 баспа табақ төрт кітап («Қыбыла» екі томдығы мен Құран тәпсірінің 3-ші томы),  бұған қосымша Жәбірейл мен Ғызырдың екі томдық  Ілім кітаптары, Пір Фатыма Ана мен Әл Фарабидің «Рух туралы» екі томдығы, «Періштелер әлемі», «Иман шарттары», «Құранда есімі бар пайғамбарлардың Тәңірмен тілдесу мұрағаттары», «Құран қаріптерінің таңбалану қасиеттері», «Ас сабур ілімі», «Үйсін патшаның төрт құбыласы мен жеті атасы турлы ілім», «Йассауийдің жер астында Аллаһпен тілдескен Сары кітабы», тағы да басқа 150 баспа табақ амал-ілім кітаптары мұрағатыма келіп түскенін сүйіншілеймін. Төрт жылда мұншалық көлемдегі ілім кітаптарын бір адамның ғайыптан қабылдап алуы, оны осындай шапшаңдықпен осылай баспадан шығарып үлгеруі, адам баласының басына симайтын мұғжиза тіршілік. Бірақ Жартушымыз өзі назар аударса  бұдан да зор тіршілікті жасауға болатын сияқты...

Алдын ала ескертер жайт, ғайыптан жеткен бұл амал-ілім менен бұрын да алты рет араб халқына, жетінші рет 1913 жылы түрік еліне түсірілгенде ол елдегілер толық қабылдай алмай, қабылдаушылары төменгі деңгейде-ақ нәпсі жетегінде кетіп қалғандығы, маған сегізінші рет түсіп отырғандығы ескертілді. Кітап – әрісі антикалық, Аристотельдік, Плотондық, Батыстық, Шығыстық, берісі ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Орта ғасырлық ғұлама ғалымдар мен барлық дін қайраткерлерінің еңбектеріне жанды қозғалыс алып келген, бүгінгі білім мен ілім  иелерін де селт еткізер мұғжиза дүние. Бұған дейін Жаратушы туралы, дін туралы, Ғайып туралы, Періштелер әлемі мен Пайғамбарлар тағдырлары туралы, жан және рух туралы әр қилы тұжырым айтып келген өткендегілер мен бүгінгілер, Алланың өзі түсірген ашық аян тәпсірінен кейін ілім саласында бұрын соңды айтылып келген тұжырымдарға басқаша бетбұрыс, басқаша көзқараспен қарауы мүмкін. Өйткені, жоғарыда аттары аталған жанды рухтардың Аллаһтың әмірімен артында қалдырған ұрпақтары үшін, біздер үшін, соңғы дін Ислам үшін, қандай жұмыстар істей алатындығын, олардың бір Жаратушы маңына қалай шоғырланғандығын, олар жеткізген аян әңгімелерін оқыған оқырман өз дәрежесінде ұғына жатар...

Сондықтан менің азан шақырып айтарым; «Ей, бүкіл Әлем пәндәлері, дін қайраткерлері мен ғұлама ғалымдар, көз майларыңды тауысып сендер іздеген сол Ұлы Жаратушы мен сол Жаратушысын іздеп тіршіліктен өткен пайғамбарлармен, сахабалармен, ілім иелерімен және Аллаһтың сүйікті періштелермен тілдесуде, Алланың әмірімен әдемі мүмкіндік туып отыр.  Аллаһ,  Құранда айтқан - өз серті, өз уәдесі бойынша, өзі жаратқан құлдарымен ашық тілдесуге о бастан бет бұрған. Қане, құлақ қой, бәріміз, өзімізді жаратқан, жалғыз Жаратушы Иеміз, Аллаһпен тілдесейік, Аллаһпен ашық сөйлесейік. Аян арқылы Ғайыптың хабарын алу бұған дейін де әлем мойындаған ілім жолы. Бүкіл мұсылманның асыл Кітабы Құран-Кәрім де соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһи уа сәлламға уақи арқылы түскен. Аллаһ бұйыртса бізге тағы да Ғайыптан 617 діни кітаптың түсетіндігі туралы хабар жетіп отыр. Осы мәселені құрылтайға делегат болып қатысып отырған, Араб мемлекеттерінің Лигасы басшысына, «Әл-Асхар» бас имамы Шейх Мұхаммед Ахмад Ат Таеба, ЕҚЫҰ бас хатшысы Томас Гремингер, Аса қасиетті Патриарх Феофил Ш, Аса мәртебелі кардинал, Құқықтық мәтіндерді интерпритациялау жөніндегі Папалық кеңестің құрметті төрағасы Франческо Коккопальмерио, Израйылдың бас сефпард раввині Ицхака Иосиф мырзалардың назарларына ерекше саламын. Есімдерін ерекше атаған бұл дін ғұламалары  бүгінгі таңдағы дін ілімін терең сезінетін жандар деп білемін.

Бұл  кітаптар – Құран емес, Ілім кітабы. Құран пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) кезінде түсіп қойған, ол қайта түспейді, түспек түгілі жеке қарпі де өзгермейді. Бұл – Аллаһтың аманаты бойынша, менің жеке басыма, ұрпағыма, Құранды тәпсірлеп қаптап сіңіріп түсіндіру амал кітабы. Кітаптардың мақсаты – күллі мұсылман назарын, бүгінде әр үйде тұрғанымен, беті ашылмай оқылмай сәнге тұрған – Аллаһ пен адамның арасындағы жаратушының асыл қазынасы, Құранға аудару. Құран –  сәнге қою үшін түсірілген кітап емес, Аллаһтың соңғы діні Ислам жолымен жүруді, Жаратушыны еш уақытта естен шығармауды, онымен кәдімгі адаммен адам сөйлескендей еркін сөйлесе білуді, Бір Жаратушы Иеңе ғана бас июді, онымен дос болып Жаннатқа оралуды түсіндіретін баға жетпес қазына. Адамзат баласы Аллаһ Тағаланың Құранда қайта-қайта түсіндіріп ескерткен осы аманатын ұмытып барады.

Бұл кітаптардың маған және менің ұрпақтарыма аманаттап түсірілуі мен үшін мақтаныш болуымен қатар, Аллаһтың өзі қалаған құлы ретінде сенім артқан  аманаты, иыққа артқан салмағы, «мұсылмандарға жеткіз»- деп тапсырған сынақ қазынасы. Осы жұмыс туралы сіздер қатысып отырған сьезде әңгіме жасауыма да болар еді, бірақ Үкіметіміз бен сьезд хатшылығы оған мүмкіндік жасамады. Бұлай айтып отырған себебім, бұл ғайыптан қабылданған қазына кітаптардың әрбірі баспадан жарық көрген сайын Елбасына, Үкіметке, бүгінгі өтіп жатқан сьезд хатшысы Қасымжомарт Тоқаев мырзаның өз атына, республика мұсылмандары діни басқармасына уақтылы жіберіліп отырды.  Біздің елде қазір ерекше ғылым діни амал-ілімді түсінетін діндарлар жоқ. Дін өкілдерінің ең мықтылары саналатындар құранды жатқа білетін, қарилық дәрежеден аспайтындар. Ал ілім -Жартушымен тіледесе алатын қалаулы құлдарға берілетін сый...

Сондықтанда бұл кітаптар жеке маған, менің ұрпақтарыма ғана емес, елімізге, барлық мүмін мұсылмандарға, күллі Ислам әлеміне аян ретінде келіп жатқан ескерту қазына екенін жеткізе отырып; «Есігіңді аш, әлем халықтары, төріңе Аллаһтың ерекше ғылымы – Діни Ілім келіп тұр!»- деп соны Сіздерге ерекше шабытпен сүйіншілеп жеткізіп отырмын.

Хабарласайық, ілім алмасайық.  Сүйінші хабарды имани жүректеріңізбен қабыл алыңыздар!

Сәлеммен Бақтыбай Айнабеков, ілімгер жазушы

Abai.kz

6 пікір