Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2915 0 пікір 5 Сәуір, 2011 сағат 03:01

Түнде ТЖМ-ның құтқарушылары Орал қаласындағы облыстық және қалалық әкімдіктер ғимараттарында жарылғыш заттар іздеді

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше түнде, ҚР ТЖМ-ның құтқарушылары Орал қаласындағы облыстық және қалалық әкімдіктер ғимараттарында жарылғыш заттар іздеді.

Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, 4 сәуір күні сағат 23.02-де, «112» телефонына анонимді қоңырау шалынып, Достық көшесіндегі 179 және 182/1 үйлерінде орналасқан облыстық және қалалық әкімдіктердің ғимараттарына жарылғыш заттар қойылғандығы туралы айтылған.

Төтенше жағдай орнына дереу шұғыл құтқару қызметі жөнелтілді. Соның ішінде ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы бойынша  ТЖД-ның 17 адамы мен 5 техникасы, ҚР ТЖМ Орал қаласындағы Шұғыл құтқару жасағының 4 адамы мен 1 техникасы бар.

Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында жарылғыш заттар табылмады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576