Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2352 0 пікір 6 Сәуір, 2011 сағат 03:05

Бүгін Қазақстанның басым аумағында ауа-райы жауын-шашынсыз, ашық болады

АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, 6 сәуір күні Қазақстанның басым аумағының ауа-райын жоғары қысымды аумақтар анықтайды. Оның әсерінен күн райы жауын-шашынсыз, ашық болады. Ал республиканың солтүстік-шығысына қарай циклон тарамдарының ығысуынан түнде аздаған жауын-шашындар мен күшті желдер күтілуде.

Мәселен, бүгін түнде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ болады.

Қарағанды, Алматы, Жамбыл, түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында сондай-ақ тұман болжануда.

Түнде Маңғыстау, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей өңірлерінде шаңды дауыл мен секундына 15-20 метр жылдамдықта күшті жел тұрады.

Түнде Атырау мен Шығыс Қазақстан облыстарында да жел күшейіп, оның екпіні секундына 15-20 метрді құрайтын болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592