Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 3533 2 пікір 15 Қазан, 2018 сағат 12:12

Төл сөзіне қатысты

Кеше бір суретке мәтін дайындадық. "Ашаршылық жылдары туған төл" деген сөзімізді сынаған ағайын көп болды-ау. Қазақтың ұлттық тілі аграрлық, оның ішінде мал шаруашылығына негізделгендіктен, әдейі жазатын ойымыз жоқ, ұғымымызда бұрыннан бар сөзді қолдана қоюымыз көптің шамына тиген секілді. Бұл құбылысқа қарап отырып, жақын жылдары ағайын "құлыным", "қошақаным", "ботам" деген ұлттық колоритті сөздерді айтудан қашатын болады. Ұмыта бастайтын болады, тіпті ұмытуды бастап та кетті. "Менің балам малдың түлігі емес", "странно, "құлыным" дейді" деген жаңа қазақтар қаптап шықпасына кім кепіл!

Ұлтымызда "төлбасы" деген ұғым бар. Тұңғыш ұлды осылай даралайды, кем боп қалған ештеңесі жоқ. Сталиндік репрессияның зәбірін бір кісідей тартқан қаламгер Жайық Бектұров деген ақсақал өткен өмірден. "Үш Әлекем" деген супер мақаласы және басқа да тың дүниелері басылған кітабын "Енеден ерте айырылған төл секілді" деп атады. Сонда ол төл туралы жазған ба? Жоқ. Арыстар жайлы бас бармақты шошайтып тұрып көрсететіндей мынауский кітап ол.

Қош, сонымен бұл әлеуметтік желіні шулатпай-ақ қояйын әрі өзім де артық кетіп қалдым ба деген оймен әлгі қызық суреттің мәтінін ішінара түзеп шықтым. Бас сынған жоқ, көз шыққан жоқ. Бәрі дұрыс.

Заңғар Кәрімханның Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

2 пікір