Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3618 2 пікір 17 Қазан, 2018 сағат 11:07

Жемқорлықпен күресудің негізгі жолы - Заң!

Жемқорлықпен күресу үшін түсіріліп жатқан жасанды бейне-роликтердің құны - 0%. Тіпті көрген кезде құшыралнып, ой келе ме десең, керісінше күлкің келеді. Мақтанудан әлем бойынша Гран-при алу алдағы бірнеше жылға біздікі. Жалпы сол жерге таласын бір-ақ мемлекет, біз секілдіміз.

Жемқорлықпен күресудің негізгі жолы заң! Ол жегенге дейін ойланбады деп ойлайсыз ба? Бүгін 30 мың теңге, ертең 300, 3000..000 деп кете береді. Қытайдың билігі ашық түрде көрсетсін, көрсетпесін билікте отырғандарын түк қалдырмай (жеп ұсталса) атып тастай салды.

Интернатта, жатақханада тұрған кезде старшак деген түсініктегі "көкелердің" айтатыны бар еді: "адам ұрғанды сыйлайды" деп. Дәл өзі. Бізге қорқыту үшін және сыйлату үшін соттау керек, заңмен жазалау керек. Оған айыппұл салып бірдеңе шешкендей болудың да қажеті жоқ. Онсыз да миллиард жеп қойған адам, миллион айыппұлды Kaspi Gold арқылы бір жерде шай ішіп отырып-ақ аудара салады (әзіл).

Жемқордың жеп отырғаны біреудің не жекенің ақшасы болса, түсіретін мақтаныш роликтерді түсіре беріңдер, планды орындай беріңдер. Мәселе желінген ақшаның 99,9 % бөлігі халықтың ақшасы болса, оған кешіріммен қарауға бола ма?

Құдайдың өзі кешірімді дейміз. Әрине, алайда темір торға тоғытылып, бал өмірдің ләззатын сол жақта жатып сезінуге үйретпей, ақшамен ұстап, ақшамен шешіп жібер салудың өзі қылмыс. "Халық" деген де құдайдың бір аты болар... (нақты білмеймін) Олай болса құдайдың қазынасындағы мүлікке қол салған адамға не деуге болады?

Марғұлан Ақанның facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534