Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2581 0 пікір 8 Сәуір, 2011 сағат 03:38

Баабар. Күшті мемлекеттің ішкі механизмі болуы шарт

Ғалымның Моңғолияда өткен экономикалық форумда сөйлеген сөзі

Ғалымның Моңғолияда өткен экономикалық форумда сөйлеген сөзі

Мемлекет билік құрып тұрудан басқа лажы жоқ ең күйрек құрылым. Француз данышпаны Бастианың анықтамасы бойынша: «Мемлекет басқаның несібесімен күнкөріс жасаушылардың жиынтығы». Алайда ел төресіз, тон жағасыз болмайды. Қандай бір патшалықтың өз-өз күш қуаты болады. Мемлекеттің әлеуметке даяшылық етуі  істің бір жағы ғана. Айталық мемлекеттің қауіп-қатерден қорғану міндеті қазіргі лаңкестік жайлаған дәуірде аса маңызды. Күш-қуатты, әлеуетті мемлекетті даңқиған, арбиған қаңқасымен ғана тұспалдап түсіну  біздегі салғырт түсініктің салдары. Әу баста әл-қуатын нақты таныған, функциональдық қимылы уақыт шеңберіне дәлме-дәл мемлекетті әлеуетті мемлекет деп атайтын қағидат та бар. Бағдары күңгірт, басқаның ісін іліп алып қауқарсыз басқаруға бейім, арбиған құрылымның іші жемқорлық пен әсіре төресиыққа желінсе Бастианың айтқанындай басы бар аяғы жоқ құрдымға кетері хаһ. Мұндай мемлекеттік жүйенің ара-арасына жиналған жегі секілді ең сорақы топ ұялап, мемлекеттің әлеуметке даяшылық ету парызы қаймана жұртты сорлататын содырдың шоқпарына айналады. Осындай қылықтардан болып жұртшылықтың мемлекетке деген сенімі күрт әлсіреумен қатар мемлекеттің киелі егелігі босаңсиды. Қауқарсыз мемлекеттің дамысы ілгері баспайды һәм ұлт қауіпсіздігі ішінен іріп шіри бастайды. Ел төреден, тымақ төбесінен тозады. Мемлекеттік зиын да, ілім де әрқилы. Алайда бізде осы заманауи мемлекеттік пайым біртекті функциялдық әрекет болмаса басқамен шендесе де, теңдесе де алмаймыз. Моңғолдар күллі тарихи үрдісінде үстемшіл патшалықтың не бір үлгілерін басынан кешті. Үстемдік жүргізуші мемлекет өз кезегінде тыс көзге қуатты айбарымен есте қалады. Мүмкін сан ғасыр тіпті мыңнан астам жылдар бойы осылай жалғаса берді. Ал, біздің осы бүгінгі дәуірде өктемшіл өкіметтен күйреуік, морт құрылым қалмағандай. Мұндай мемлекет тыс жағынан айбарлы сұсты көрінгенімен іш жағынан іріп-шіріп реті келген кезінде өзінен өзі опырылып құлап түсетіні бар. Демократиялық бағыттағы мемлекеттердің жарақат, тыртықтары, кем-кетік жақтары сырт көзге анық көрініп тұратындықтан кінараттан тазарып, сақайып сауығуы жылдам секілді. Демек бұның да өз шеп, шегі болады. Моңғолия демократиялық үрдіс-үдерісі жағынан тәжірибесіз, өспірім кезеңіндегі балаң құрылым.
Бұрынғы тарихи дәстүрден қалған тозық ғадет бойынша, әуелгі кезектен-ақ бір ортаға шоғырлану, әкімгерлікпен өкімдеу, өз дегенін жасату үшін дөрекілену, әсіре идеологиялық сыңаржақтыққа салыну, жауаптан жалтаруды мұрат тұттық. Өзара ешқашан жанасып қабыспайтын тіптен «үш қайнаса сорпасы қосылмайтын» ескі жаңа екі құрылымның аралас-құраластығы қоғамды барынша құлдыратып, ілкіде нақты емес қам-харакеттері мемлекеттің қасиетті іргесін қопсыта түсті. Түкке тұрмайтын қоңырсық мылжың әңгімелер мен адам дамысына қатысы шамалы аңыз-әпсаналық ертегілер азаматтардың сенімін мұқалтып, көңілін қайтарып жүр. Барлық кілтипан адамды жөнге келтіруде емес оған жөн-жосық жасаушы механизмдерді оңауда тұр. Ұтымды механизм бітімді игерілсе ғана жағымсыз пенделердің бет-бейнесі айқын байқалмақ керек. Демек жайсыз механизм арасында ақ пейілді жайсаң жандардың өмір сүруі екіталай. Сол үшін төмендегідей бірнеше ұсыныстарымды жолдаймын.
1. Сыбайлас жемқорлық, парақорлық төтенше асқынып барады. Бұған төтеп бере алатын тәсіл  қазіргі парақорлықтың бастауы  мемлекеттік бюжеттің ІЖӨ-ге тиесілі бөлігін мейілінше төмендету қажет. 1999 жылы ІЖӨ-ге тиесілі мемлекеттік қаржы мөлшері 29 пайыз немесе барлығы 280 млн. АҚШ долларына сыйысатын еді. Бұл кезде Улаанбаатар қаласына бөлінетін қаржы мөлшері 8 млн. доллар төңірегінде айналатын-ды. Ендеше өткен жылдың бюжеті ІЖӨ-нің 53 пайызын иеленіп 10 есе өсті. Улаанбаатар қаласының қаржысы үстемеленді. Өкініштісі жан санының тіршілік деңгейі осы мәреге көтеріле алмағанын бәріміз білеміз. Ұрлық жасауға лайықталған үкімет қоржыны қампиған сайын оған сұғанақтайтын «суық қолдылар» саны қисапсыз қосылып, ауқымы да кеңейе беретіні заңдылық.
2. Мемлекетті алыпсатарлықтан айырып бөлектеп жібермесе, «жақсы үкімет» болады деп дәметудің де өзі қисынсыз. Мұндай жағдайда сыбайлас жемқорлық гүлдене беретіні ақиқат. Мемлекеттің белгілі стандарттар белгілеп оны жүзеге асыруға құзырлы екені рас. Бірақ пайда көздейтін ұйым емес. Табыс көздейтін компания пайда көзін табу үшін жанталаса жүгіретініндей жеке тұлғалар да өз пайдасын көздейді. Үкіметке бизнес жасайтын мүмкіндік берілсе, мемлекет атынан шешім шығарушылар да өз бас пайдасына артықша қызығушылық танытатыны белгілі. Мемлекет атынан шешім қабылдаушы тұлға бизнес жасаса осындай қолайлы сәтті қалт жібермеуге тырысады да қалайда өз бас пайдасына артықша мән бере отырып «жіліктің майлы басын» өзіне қалдырады. Бұл  дүниеқоңызды береген жомартпен алмастыру деген ұғым емес, жалпы «алтын көрсе періште жолдан таятыны» пендеге тән натура. Мұндайлар тек өз басына пайдалы болса болды үкімет пен бұқара мүддесіне соншама зиянды тәсілдерді де таңдай береді.
3. Мемлекет өз міндеті мен функцияларын жүзеге асыру үшін барлық атқарылымдарды тапсырыс арқылы іш-сырттың қатысты ұйымдарын таңдап, сыналту тәсілін қолдану жолымен жасауға неге болмасқа. Мысалы, Министрліктер мен құзырлы органдар қандайбір жоба бағдарлама шығару үшін өздері мылжалап долбарлауды әдетке айналдырған. Мұндай жағдайдан кейін ең шалағай, ең ысырапсыз бұрылыс, қиылыстардың бәрінде жемқорлыққа икемделген қаулы, қарар, жоспар жобалар өмірге келеді. Ақиқатына келетін болсақ мемлекет дегеніміз саяси долбар өндіретін орын да емес. Тіптен бұл аралықта мүлдемге бөтенбастақ көздегені бар адамгершіліктен жұрдайлардың бақай есебіне жүгінуге тура келетінін білеміз бе? Жекеліктегі ұйымдар, институциялар мен институттар т.с.с қызығушылық танытушы мекемелерден келтірілген сантүрлі қисапты варианттарды басқамен нақты салғастыру арқылы алдағы шараларды жүзеге асыру  мемлекеттің міндеті. Моңғолиядағы жарамсыз биліктің кінараты  өз құрамасын нашар пенделермен жасақтауында емес, керісінше ең қауқарсыз әлжуаз механизмді таңдауында болса керек.
4. Мемлекет жеке мердігерлермен бәсекелесуді доғаруы қажет. Мемлекет тарапынан қандайбір ақпарат орындарын мәжбүрлемеуді, егелемеуді заңдастырған заң бірнеше жыл бұрын белгіленген. Демек, бұл бүгінгі биліктің жанамалап жанасып жүрген әрекеттерінің тек біреуі ғана.
5. Әкімгерлікке қарсы тұру деген желеумен билік тарапынан талап етілетін стандарттарды қырқып, қиып, азайтып, шектеп жіберудің салдарынан билік өз атқаратын міндетінен айырылып қалудың аз ғана алдында тұр. Солардың бірі  пәтер салушы құрылыс компанияларына билік тарапынан өте көп стандарттық талаптар қойылуына байланысты шарт. Бұл стандарттық шарттар нақты әрі нысанаға алған мәселеден тысқары сұрақтар туындатпайтын болса. Егер қолдан келсе лауазым иесіне тәуелді емес, ғаламтор арқылы қағаз толтыру немесе істің соңғы қортындысын да скайнерлік тәсілмен жасайтын болса өкім, құқай көрсету әрекеттері тыйылады һәм азаяды. Билік тарапынан қойылатын стандарттық талаптарды азайту, күшін жою дегеніміз  төремінезсіз мейірімді билікті өмірге әкелуге сай игілік емес, керісінше салғырттанудың белгісі.
6. Әлеуметтік салалардың осы күнгі аса зілмауыр жүгінен арылу үшін билік оны жеке мердігерлерге, жекешелеу, келісім шарт арқылы беруді күйттегені абзал. Денсаулық пен білім саласына бөлінетін қаржыны мемлекет жауаптануы оның менежментін басқару деген ұғым болмаса керек. Ол былай тұрсын зейнет, жәрдемақы, әлеуметтік көмекті менежмент немесе біржола жекелікке беру арқылы нәтижеге жеткен көптеген тәжірибелер бар.
7. Жеке бастың мүддесін кейінге қойып қоғамның, халықтың, отанның мүддесін жоғары қоятын тамаша жасампаз адамдарды жинап әкеліп мемлекеттік қызметке тағайындау деген «теорияға бағынған» зердеміздің қателікке ұрындырғанын көрдік. Біріншіде: жекебастық немесе отбасылық мүдде бізге өте жақын, ал, қоғамдық мүдде дегеніміз қалай бұрсаң солай кететін ұғым екені белгілі болды. Екіншіде: жекебастық мүддені қоғамдық мүддеден жоғары қою ұғымы әлмисақтан һәм жаратылыстан бері жалғасып келген табиғи сый-сияпат. Үшіншіде: жекебастық мүддені далаға теуіп тастауға лайықтылар табылса олардың есі дұрыстығына күмән келтіруге де болатын құбылыс. Бесіншіде: жекебастық мүддені күресінге лақтырған пенде ғана «тамаша адам» деген теориялық түсінік қалыптастырғаннан болып қоғамдағы зұлым, жемтіктестерге қисапсыз мол мүмкіндік жасауға жол берілді. Демократиялық қоғамда жекебастық мүдде қорғалады. Бірақ, ол басқаның мүддесімен қайшылықта болса немесе басқаның мүддесіне нұқсан келтірілсе заңмен шектеу салынады. Пәреқорлыққа дәніккен мемлекеттік қызметкерлер жекебастық мүддені бәрінен жоғары қоюшы ғана емес, керісінше бұқара халықты тонаушы, жемқор қарақшы болып есептелінеді. Мұндай жемқорлардың баратын жері хаус емес қамақ. Жекебастық мүддені алға қою дегеніміз  Ата заң бойынша берілген құқықты жүзеге асыру жолында басқаға зиян келтірмеуді айтады.
Адамзаттық саналы мән, болмысқа қарсы «теориямен» талап қойып, осы сыңаржақ іліммен өлшем жасаудың салдары  мемлекетті құрдымға кетірудің себебі болып отыр.

Аударған: Сұраған Рахметұлы
«baiolke.com» сайты

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608