Павлодарда «Отбасы мен мектеп бірге» халықаралық жобасы жүзеге асырылуда
ПАВЛОДАР. 9 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда «Fast» («Отбасы мен мектеп бірге») бағдарламасының ілкі жобасы жүзеге асырылуда,деп хабарлады білім басқармасынан. Бұл бағдарлама БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс проблемалары жөніндегі басқармасының (UNODC) кеңесімен қолға алынып отыр.
Отбасылық дәстүрлерді нығайтуға, отбасы мен педагогтардың бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығына бағытталған жобаның бірінші сессиясына №24 мектептің 1-2 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. Автор, «Fast» бағдарламасына өз отбасындағы тәжірибені негіздеген британдық профессор Линн Макдональд жиналған қауымды бағдарламамен таныстырып өтті.
Әлемнің көптеген елдерінде қолға алынып отырған ағылшын авторының бағдарламасының 60 пайызы елдер мен халықтардың мәдениетіне бейімделуі керек, бірақ оның негізгі қағидасы - балаға деген назар, отбасы мүшелерінің өзара түсіністігі және олардың мектеппен қарым-қатынасы өзгермейді.
Сегіз аптаға созылатын семинар №24 мектепте мамыр айының аяғында басталады.