Сейсенбі, 19 Наурыз 2024
Дидар-ғайып 5791 4 пікір 19 Қазан, 2018 сағат 11:56

"Бозторғай" болып шырылдаған ақын өмірден озды

Қазақ әдебиеті мен руханияты ауыр қазаға душар болды. 81 жасқа қараған шағында көрнекті ақын, аудармашы Абдрахман Асылбек дүниеден озды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Абдрахман Асылбек 1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. ҚазПИ-дің тарих-филология факультетін бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болған. Аспирантурада оқыған, облыстық газетте, республикалық Қазақ радиосында, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызмет жасаған.

Сондай-ақ, «Жазушы», «Жалын» баспаларында, Қазақстан Жазушылар одағындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында, Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық бөлімшесінде, республикалық «Әділет», «Мәдениет», «Заң», «Көзқарас» газеттерінде қызмет істеген.

«Заңгер» журналында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, ҚР Бас Прокуратурасының «Құқықтық Қазақстан» газетінің Бас редакторы болған, кейіннен осы газеттің бас редактордың орынбасары болды.

1955 жылы «Бейбітшілік бақшасы», «Жауды аяған жаралы» сияқты тырнақалды шығармалары басылған. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген.  Содан бергі уақытта 31 жыр кітабын шығарды.

Лирика, ән мәтіндерін жазып, сатира және аударма жанрларымен де айналысты. Жалпы қазаққа танымал "Желтоқсан желі", "Жар-жар", "Қараторғай" секілді ондаған әннің мәтінін жазған.

Абдрахман Асылбеков ағамыздың қазасына орай бүкіл қазақ халқына қайғырып көңіл айтамыз.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1440
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 1653
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 2819