Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3554 0 пікір 19 Қазан, 2018 сағат 13:28

Миллионер болып кетейінші

Біздің ғалымдарды залымдар деп ойламаңыз. Олар ашқан жаңалықпен ойнамаңыз! «Үндет» деген аппарат ойлап шығарды. Мәселен, ұл балаларды жас кезінде сүндеттейді емес пе? Соның «С» әрпі ғана жоқ бұл аппарат тек үндетеді, яғни басқа тіл шығарады!
Мен де бірініші сыныпта оқитын балам мен қызымды «үндетіп» алайын деп, қалалық емханаға келдім. Құдайым–ай, кезек дегенің сұмдық енді! Түкке түсінбей, кезектің құйрығын сұрап едім, емханадан шығып, қала шетіндегі «Нұрсәт» шағын ауданына дейін созылып кетіпті! Қайтадан қайғырып алып, таксилетіп, кезектің соңына келейін. Бір денелі әйелден сұрадым:
–Кешіріңіз, мына жыландай ирелеңдеген кезектің соңы сіз бе?
–Ия, мен боламын, ал не қыласыз? Ұрасыз ба? Әлде менен кейін кезекке тұрасыз ба? – деп салды ол. Шыдамы шытынап тұрса керек.
–Бұл неткен ғажайып аппарат екен? –деп сұрадым мен.
–Балаларымыздың тілін үшке кесіп береді. Қан да , жан да шығармайды екен.
–Ал, кестірдік? Сосын?
–Қалай кесті, ағылшын, орыс, қытай тілінде сайрап жүре береді! Өз тілін ұмыиып та қалады!
–Бұрын үш тіл еді, енді төрт тіл боламыз ғой?
–Ия, сосын бар ғой, үлкендер тілін кестірсе, бірден миллионер болып шыға келеді дейді! Қытайдан, Ресейден, ағылшындардан ұшқан байлық төбеден саулап, байлықтың астында тұншығып, жан тапсыруың мүмкін дейді.
–Құдай–ай, беті аулақ, менің өлгім келмейді!
–Бірінші сынып оқушыларының миларын мипалау етіп жүр едік. Жүдә жақсы болды! Тілін үшке бөліп тілсе болды, шет тілдерді үйреніп шыға келеді! Әне, анау бір кісі тілін тоғыз бөлікке тілдіріп алды!
Мен қызығып кетіп, жанына жетіп бардым.
–Кешіріңіз, менің атым Мыжбан, тіліңізді көрсетіңізші? –деп сұрадым. Ол ыржиып, аузын ашып, тілін шығарып еді, қасымдағы балаларым қашып кетті. Қуалап, әрең ұстап алдым. Өйткені, ол кісінің тілі жалбырап, тілім–тілім болып тұр еді. Кедейшіліктің көлеңкесінде жүрген байғұс басым, менің де миллионер болғым келіп кетті! Тілімді сыртқа шығардым... Майдалатып он тілік жасап алсам ба? Полиглот болайын ба? Балаларымды жетектесем, қаша береді, үлкенім аяғымды баса береді... Не істесем еккен а? Сіздер де тілдеріңізді тілгізіп көресіздер ме? Бай болғыңыз келмей ме?

Мұхтар Шерімнің facebook парақшасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485