Ұлттық мемлекет құру әзірге мүмкін емес екен
"Бірде Салық пайғамбардың анасы Зағым құзғынды көріп:
– Әй, құзғын, төбең неліктен ақ? – деп сұрады.
– Мен Қабылдың Әбілді өлтіруіне себеп болдым. Бірде қасымдағы қарғаны көре алмай, қызғаныштан мерт қылдым. Жан-жағыма қарасам Қабыл мені бақылап отыр екен. Артынша барып інісі Әбілді таспен ұрып өлтірді. Алғаш зұлымдыққа бастау болғаныма өкінгендіктен төбемдегі жүнім түсіп қалды. Сол себепті таз болдым, – деді.
– Тұмсығың неге сары?
– Бірде ұжмақта өсетін запыран шөбін жедім. Ібіліс жұмаққа жасырынып кіргенде, ол шөпке заһарын шашқан екен. Аңдамай жегендіктен тұмсығым сарғайып кетті.
– Бауырың неліктен қара?
– Бірде ақымақтықпен құстарға жеті тозақтың үстін бұйым көрмей ұшып өтемін деп мақтандым. Қанаттарымды қомдап, тозаққа жете бергенімде лаулаған оты бауырым тиді. Зәре құтым қалмады. Дарақылығымның кесірінен бауырым қарайып кетті.
– Неге ұшқанда жан-жағыңа жалтақтап қарай бересің?
– Нұх пайғамбар жұмсағанда жемтікке қызығып кемеге оралмадым. Пайғамбардың ренішіне, Алланың наласына қалдым. Содан бері Құдайдың бәлесі қай жағымнан келіп қалады екен деп, жан-жағыма жалтақтап жүремін депті..."
Қазақ үшін бар зұлымдықтың бастауы болған "ақ", "қызыл" құзғынды кешіру мүмкін бе? Қазақтың тәнін тістелеп, жанын шұқып кеткен? Мүмкін емес! Ол құзғынды кешіру - өзіңді өшірумен бірдей!
Алаштың жүз жылдығын ұмытқандар, "құзғындардың" қызығын еске алыпты... Алматы әкімшілігі мен Мәдениет министрлігі қаржы бөліпті.
Е-е-x, бұлардан тізгінді алмай, ұлттық мемлекет құру әзірге мүмкін емес екен. Соны ұқтым.
Дина Елгезектің facebook парақшасынан
Abai.kz