Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Саңлақ 4625 7 пікір 12 Қараша, 2018 сағат 17:38

Қақаған суықта оқушыларды "Тобылға" жанкүйер ету кімнің идеясы?

Оқушылар қызықтаған ойын осы

Біздің Қостанайдың «Тобол» футбол командасының (қостанайлықтар «Тобыл» дегеге тілі келмей, өз командасын осылай атайды) ойынын түсіну қиын. Бірде киіз, бірде миіз болып жатады. Бір қызығы, олар мықты команданы жеңеді де, әлсіздерінен ұтылып қалады. Осындай шала ойындарынан мезі болды ма, кім білсін, кейінгі кездері оның ойындарын тамашалауға жиналатын адамдардың саны мүлдем азайып кетті. Енді осы ойсыраған дүниені қалпына келтіру үшін шенеуніктердің түн ұйқысы төрт бөлініп, әлден басы қатты.

Ақыры, Қостанай қалалық білім бөлімі «тамаша әдіс» ойлап тапты. Онысы қаламыздағы мектеп оқушылары мен бюджетке қарап отырған қызметкерімен стадионды толтыру. «Тоболдың» күні кеше ғана өткен «Қызылжар» командасының ойынында күн қатты суық болса да мектеп оқушыларын дірдектетіп стадионға жинады. Міне, Қостанай қалалық білім бөлімінің қала мектептерінің атына оқушыларды міндетті түрде стадионға әкелуі жөнінде «аса пәрменді» хат жібергендегі мақсаты оырндалды. Осынау қаһарлы бұйрық бойынша «Тоболдың» бұл ойынына 2 мың адам, яғни 160 қызметкер мен 1240 оқушы жиналуы қажет. Аталмыш білім бөлімінің бастығы В.Цымбалюктің өзі қол қойған нұсқауды орындамауға мұғалімдердің қайдан батылы жетеді, көрсетілген оқушыларды тез арада жинап, стадионға иіріп әкелді. Сөйтіп «Құда да тыныш, құдағи да тыныш» стадион «жалған» жанкүйерлерге лық толып, шенеуніктердің «аманаты» асыра орындалды.

Қостанай қалалық білім бөлімінің үшбу хаты

Оқушыларды осылай жинады

  

Біздің бір алаңдайтынымыз, «Сынықтан басқасының бәрі жұққыш келеді» дегендей қостанайлық шенеуніктердің «осы бастамасы» еліміздің өзге өңірлеріне таралып кетіп, «бүкілхалықтық» сипат алып кетпесе болғаны. «Қызық ойын» сонда болар.

Жайберген Болатов, Қостанай

Abai.kz

    

    

 

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1526
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3306
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5935