Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
4408 1 пікір 13 Қараша, 2018 сағат 16:40

WeArt шығармашылық орталығы ашылды

Алматы қаласында әлеуметтік жағдайы төмен жасөспірімдерге арналған WeArt атты шығармашылық орталық жұмысын бастады. Мұнда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе қаржылай қиындыққа тап болған жасөспірімдер, балалар үйінің түлектері өз шығармашылықтарын дамытуға, тегін кәсіптік-техникалық білім алуына болады.

WeArt шығармашылық орталығы Болат Өтемұратов қорының қолдауымен ашылған. Олар биыл бұл орталыққа 21 миллион теңге көлемінде грант бөлген. Мақсаты – балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жастарға үміт беру. Яғни, балалар үйінен шыққан тәрбиеленушілер болашақта мамандық алып, жұмысқа орналасып үлкен өмірге нық қадам басуына септігін тигізеді.

Бүгінде мұнда 40 қа жуық бала шығармашылық, техникалық мамандықтар бойынша білім алып жатыр. Оларға шешендік өнер, актерлық шеберлік, тв, радио т.б салалар бойынша кәсіби мамандар тәлім береді. Тәлімгерлердің арасында New York Film Academy түлектері, кәсіби режиссер, сценарийстер Диас Әзімжанов, Жанель Сариевалар бар.

Сондай-ақ, SMM, өнеркәсіптік дизайн т.б заманауи мамандықтар бойынша білім алады. Орталық қызметкерлері әрі қарай жастарды іріктеп, оларды жұмысқа орналастырумен де айналысады.

Шығармашылық орталық  НАРХОЗ университеті, Жандосов 55/4 мекен-жайында орналасқан.

Abai.kz  

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1991