Жұма, 29 Наурыз 2024
3124 0 пікір 14 Қараша, 2018 сағат 11:11

Мақтаарал аудандық әжелер қауымдастығы ауданның 90 жылдық мерейтойын атап өтті

Бүгін Мырзакент кентіндегі «Ай-Ару» мейрамханасында әжелер қоғамдық
ұйымы ауданымыздың 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш
өткізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова қатысып,
салтанатты кешті ашып берді.

«Киелі Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерейтойын 16, 17 және 18
қараша күндері өткізу үшін дайындық жұмыстарын жасап жатырмыз.
Өткенімізден сабақ алып, жаңа құрылған ауданымыздың болашағын дұрыс
бағытқа бағдарлау – мерекеміздің басты мақсаты. Сондықтан,
ауданымыздың 90 жылдық мерейтойын атап өтудің маңызы зор деп
ойлаймын» - деді Алтын Ешанқұлова.

Мырзакент кентінің әкімі М.Ердешов, аудандық ардагерлер кеңесінің
төрағасы С.Оңғаров, аудандық әжелер қоғамдық ұйымының төрайымы
Ш.Құрбанбаева, Елбасымыздың сыныптасы Р.Төлемисовалар салтанатты
кеште сөз сөйлеп, ауданның 90 жылдық мерейтойымен барша
мақтааралдықтарды құттықтады.

Дереккөз: Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3559