Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2730 0 пікір 18 Сәуір, 2011 сағат 04:18

Қазақстандағы Монархиялық Капитал жүйесінің эволюциясы (жалғасы)

7. 7-кезең.2025-2035 жылдар

Орталық Азияда үлкен өзгерістердің басталу кезеңі - әртүрлі деңгейдегі барлық аумақтардағы соғыс - Кәрімовпен қош айтысқаннан кейін Өзбекстанда, Ауғанстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда. Халықты өмір сүру деңгейінің төмендеуімен байланысты діни ағымдардың радикализациясы.

Егер осы кезге дейін біз ұлт ретінде еліміздің экономикалық құрылымын  өзгертпесек, 2035 жылға таман Қазақстан ҚХР-ның бір бөлігі болады.

Ел басшысы өмірден өткеннен кейін 5 жыл өтісімен, Қазақстан өтпелі кезеңнің қайнар нүктесіне келіп жетеді. Осы кезде біздің, ел ретінде екі жолымыз болады. Екеуі да революциялық жол болады. Ол қандай екі жол және олар неге әкеліп соғатынын талқылап көрейік.

Біріншіден революцияның экономикалық негізі қайдан пайда болатынын анықтап алуымыз керек. Өйткені егер революциялық ахуалдың экономикалық негізі болмаса онда барлық пайда болған шиеленістер сол бар жүйенің ішінде өшіп қалып, қауымдағы түбегейлі өзгерістерге әкелмейді.

7. 7-кезең.2025-2035 жылдар

Орталық Азияда үлкен өзгерістердің басталу кезеңі - әртүрлі деңгейдегі барлық аумақтардағы соғыс - Кәрімовпен қош айтысқаннан кейін Өзбекстанда, Ауғанстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда. Халықты өмір сүру деңгейінің төмендеуімен байланысты діни ағымдардың радикализациясы.

Егер осы кезге дейін біз ұлт ретінде еліміздің экономикалық құрылымын  өзгертпесек, 2035 жылға таман Қазақстан ҚХР-ның бір бөлігі болады.

Ел басшысы өмірден өткеннен кейін 5 жыл өтісімен, Қазақстан өтпелі кезеңнің қайнар нүктесіне келіп жетеді. Осы кезде біздің, ел ретінде екі жолымыз болады. Екеуі да революциялық жол болады. Ол қандай екі жол және олар неге әкеліп соғатынын талқылап көрейік.

Біріншіден революцияның экономикалық негізі қайдан пайда болатынын анықтап алуымыз керек. Өйткені егер революциялық ахуалдың экономикалық негізі болмаса онда барлық пайда болған шиеленістер сол бар жүйенің ішінде өшіп қалып, қауымдағы түбегейлі өзгерістерге әкелмейді.

Өндірістік күштер өндірістік қатынастан асып түскенде төңкеріске деген тірек пайда болады. Өндірістік күш пен өндірістік қатынас дегеніміз не? Өндірістік күш - ұлттың белгілі-бір уақыт ішіндегі өнім шығаруы. Өндірістік қатынас - таптар арасындағы барлық өндірілген тауардың бөлінуі. Егер өнім шығаратын таптардың - шаруалар (ас-ауқат), жұмыскерлер (өндірістік тауарлар) немесе капиталистер (өндіріс иелері) тауарды көптеп шығаруға мүмкіндігі бар болса да, қалыптасқан жағдайда қоғамда өнімнің бөлінуі экономикалық стимулды жоюға алып келеді. Міне, төңкерістің экономикалық тірегі. Елдің билеуші табы өнімді шығарған халыққа тауыққа шашқан тарыдай аз мөлшерін қалдырып, көп бөлігін өздері жымқырады. Берілген аз өнім еңбеккерлердің қара терін ақтамайды. Міне, осы кезде  өндірістік күштер мен өндірістік қатынас арасынан  қара мысық өтіп кетеді. Өндірістік қатынастар ұлттық байлықтың немесе өнім өндіруінің жоғарылауына кәдімгідей тежегіш болады.

Мысалмен сабақтайық.

Ұлт 100 дана өнімді өндіруге қауқары бар. Барлық таптар осы өнімді тұтынады. Технология мен өндірістің және ауыл шаруашылығының гүлденуіне байланысты тағы қосымша 50 дана өнім ала алады. Бірақ, өнімді бөлудегі қалыптасқан жүйеде осы өнімді шығарғандар өнімнің 50-нен 1-ін ғана қалдыра алады. Қалғаны еңбекке қолының ұшын тигізбеген таптарға  тиеді. Осы кезде төңкеріске негіз пайда болады. Өнім шығарушы таптар, шаруалар, жұмыскерлер және капиталистер қосымша 50 дана өнім шығарды. Бірақ, билеуші тап соның 1- ін ғана оларға қалдырып, 49-ын салық, пара, т.б ретінде өзіне және өнім шығармайтын таптарға, шенеуніктерге, қызметкерлерге, жұмыс істемейтіндерге әр түрлі жәрдем ақы ретінде т.б. қалдырады.

Нағыз төңкеріске негіз деген осы. Қоғам көп өнім шығаруға әлеуетті, бірақ қалыптасқан өнімнің бөлінуі оған кедергі болып тұрады.

Егер басқарушы тап шарулардың өнімдерін жымқырып, толық ақысын және тиесілісін бермесе, онда аталмыш қатынас жерлердің латифундистардың қолында шоғырлануына және шаруалардың жаппай жерлерінен айырылуына, кедейленуіне әкеліп соғады. Сәйкесінше бұл - аграрлық төңкеріске негіз болады.

Егер байлар тепе-теңдікті ұмытып, өнім өндірушілердің активтерінің иелерінен (капиталисттерден) кірістің көп мөлшерін иемденсе, бұл - буржуазиялық  (капиталисттік) төңкеріс бастайды.

Егер өнім өндірушілердің активтерінің иелері (капиталисттер) тепе-теңдікті ұмытып, кірістің көп мөлшерін иемденсе, жұмыскерін кедейлікте ұстаса, бұл пролетарлық (социалистік) төңкеріске бастау болады.

Енді Қазақстандағы төңкеріспен болатын екі жолды қарастырайық.

Бірінші жол, біз ұлт ретінде өзіміздің экономикалық құрылымымызды өзгертіп, өндіруші ұлт ретінде қалыптасамыз және Қазақстан Швейцария сияқты даму деңгейіне жетеді.

Орталық Азиядағы құлдырап бара жатқан мемлекеттерді өз жауапкершілігімізге ала отырып, олардың экономикаларын біздің экономикамен интегралдау арқылы Еуропадағы сияқты экономикалық саяси одақ құрамыз.

Неліктен бізге саяси билікті капиталистердің қолына беру керек. Бұл буржуазиялық төңкеріс жасау деген сөз. Жоғарыда атағанымыздай, екі жол бар: өктемдік және өктемдік емес.

Өктемдік емес жолды қарастырайық. Егер билеуші тап саяси билікті өз еркімен басқа тапқа бергендегі жағдай. Осы жағдайды тудыру үшін революциялық экономикалық база қажет. Өндірістік күштер өндірістік қатынастармен қарама-қайшылықта болуы қажет.

Осы көзқараспен Қазақстандағы жағдайға қарайық. Бүкіл ұлттың тұтынатыны 100 дана делік. Бірақ, өнімнің 10 данасы ғана біздің жұмыскерлермен өндірілген. Қалған 90-ны біз ұлт ретінде шығармаған мұнайдан және несиелерден алынған тауарлар. Көріп тұрғанымыздай төңкерістік жағдайдың қарасы да көрінбейді. Қазақстанда төңкерістік жағдай туындауы үшін өндірістік күштер өндірістік қатынастармен қарама-қайшылыққа келуі тиіс. Немесе өндіре алатын өнім саны жалпы ұлттың қолданатын санынан асып түсуі қажет.

Бұл екі жағдайда болуы мүмкін:

1. Тауар өндірудің өсімі 10 есе көп. 10 данадан бастап 100 данаға дейін;

2. Немесе табиғи рентаның және несиенің нөлге қысқаруы. Яғни, 100  дананы тұтыну, ішкі өндіру көлеміне 10 данаға дейін құлайды. Осы 10 дананың ішінен байлар өздеріне  көбірек бөлуге тырысады. Бұл 10 дананы еңбекпен өндірген таптардың арасында ашу кернеу туғызады.

Біздің өндіріс және ауыл шаруашылығымыз тауарлық өнімін 10 есеге дейін көбейтіп, бүкіл халықты артығымен қамтамасыз ете алмайтыны белгілі. Сондықтан, тұтынудың көп бөлігі өз өнімдерінен емес, табиғи рентамен қамтамасыз етіліп отыр. Мұнда төңкерістік жағдай көрініс таба  алмайды.

Төңкерістік өзгерістер нақты жағдайда тек жоғары жақтан - билеуші топтан (Монархиялық Капиталдан) бола алады. Аталған билеуші топ табиғи рентадан келген кірісті өндіріс пен ауыл шаруашылығының қайта жабдықталуына жібереді. Осыдан соң жеке өндіріс және ауыл шаруашылығы  100 дананың  100-ін өндіріп, бүкіл халықты толықтай қамтамасыз ететін болады.

Осы сәтте төңкерістік жағдай орын алады. Капиталистер 100 данадан артық өндіреді. Халық 110 дана пайдалануға дейін жетеді. Бірақ, мұны істегісі келетіндей капиталистерге тепе-тең айырбас керек. Міне, осы кезде саяси билікті басқа қолға беру төңкеріс арқылы шешімін табады. Бұл шешім -капиталистер мен қоғамның арасындағы келісім. Капиталистер ұлтты қамтамасыз ету парызын алады, халық билікке оларды жібереді. Ұлттық байлықтың өсуі -  билік үшін капиталистердің төлеген ақысы.

Міне, бұл  Қазақстандағы  өктемдік емес төңкеріс.

Қайталай кетейік, осы жағдайда билеуші тап (Монархиялық Капитал) мынадай әрекеттер жасайды:

1. 100%  шикізаттан түскен түсімді мемлекеттендіру;

2.  Шикізаттан түскен пайданы өндіріс пен ауыл шаруашылығын қайта жабдықтауға жұмсау;

3. Тікелей және жанама субсидиялар ұлттық өнім өндірушілерге берілетін болады. Мұндағы мақсат: Отандық  сүттің бағасы Ресей мен Қытай дүкен сөрелерінде жергілікті Ресей мен Қытай сүттерінің бағасынан арзан болуы;

4. Қазақстанда өндірілетін тауар категориялары бойынша, ішкі нарықты квота арқылы жабу;

5. Өнім өндіретін кәсіпорындарда мемлекеттік органдар тек сот шешімі бойынша немесе қылмыстық іс қозғалған жағдайда ғана тексеріс орын алатын болады;

6. Өнім өндіруші кәсіпорындарда әкімшілік кедергінің барлығын қысқарту. Мәселен, жылжымайтын мүлік сатып алу үшін, қазіргідегідей тіркеліп немесе мемлекеттік органдардың қолы керек болмайды:

1. Әділет департаменті

2. Әкімшілік

3. Жер комитеті

4. Және т.б

Нотариатта тіркелудің өзі жетіп жатыр, ал нотариат құлақтандыру кезегімен мемлекеттік органдарға нұсқайды. Сатып алынған жерге деген иелігің мемлекеттік тіркеуден емес, нотариатта келісім жасалғаннан бастап жүреді.

6. Капиталдың қозғалысын бақылау.

7. Мемлекеттің қарамағында тек қана экономикалық монопольді секторларды қалдыру- құрылыс, шикізат, электроэнергетика, коммуналдық шаруашылық т.б.

Жоғарыда аталған шаралар арқасында тауар өндіру 10 данадан 100 данаға дейін көтерілсе, Монархиялық Капитал саяси билікті капиталистер қолына беріп, өзі солардың ішіне сіңіп кетеді. Капиталистер табы саяси билікті қолына алып, халық  қажеттілігін өтейді. Яғни, ұлт қажеттілігі тек мұнайдан емес, ішкі өнім арқылы қамтамасыз етіледі. Мынадай жайды есте сақтау қажет: біз барлық тауарларды өндіре алмаймыз. Халықаралық бөліністі ешкім алып тастап отырған жоқ. Егер біз бұрында ұшақты мұнайдың арқасында алған болсақ, ендігіде сол ұшақты біз ауыл шарушылығының өнімін экспорттаудан түсетін қаражатқа алатын боламыз. Яғни, біздің капиталистер ұлтты ұшақпен қамтамасыз етіп отыр деген сөз.

Жалғасы бар

«Дана жол ынталы тобы»

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5678