Жексенбі, 24 Қараша 2024
2872 2 пікір 19 Қараша, 2018 сағат 10:59

Облыстағы 88 кәсіпорынның басшысы ең төмен жалақыны көтеру мәселесін қолдады

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркістан облысындағы 88 кәсіпорында айлық жалақы көтеріліп, ең төменгі жалақы көбейеді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Елбасы Жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Түркістан қаласын дамыту барысы» тақырыбында  Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында өткізген көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Облыс әкімі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша Түркістан облысында атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

"Облыстағы кәсіпорын басшылары ең төмен жалақыны көтеру мәселесін қолдайтынын білдіріп, іске кірісті. Бүгінгі таңға облыс аумағында 9798 кәсіпорыны бар. Ең төменгі жалақыны көтеру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде әзірге 88 кәсіпорынында жалақыны 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтеруге келісті. Бұл тағы да көбейеді", - деді әкім.

Аймақ басшысы баспасөз жиынында Түркістан облысының білім саласына енгізген JUMYS.SITCEN.KZ жүйесін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі республикада ең үздік жүйе ретінде таңдағанын айтып, қазір басқа өнірлерге тарату мәселесі қолға алынғанын жеткізді. Бұл жүйенің арқасында білім ұяларындағы сыбайлас жемқорлық деректері төмендемек.

Биыл жаңартылған білім беру мазмұнымен сабақ беретін 32,5 мың педагогтың айлық жалақысына қосымша 30% қосылған. Бұдан бөлек, ол осы жылдың қыркүйек айынан бастап жаңа формат бойынша 4 200 педагогтың айлық жалақы санаттарына қарай 30-50 пайыз үстемақы төленіп жатқанын да мәлімдеді (1 млрд. 67 млн. теңге қаралған).

Облыста 468 197 оқушы қамтитын 902 орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. Білім беру ұйымдарында жалпы 60 555 педагог кадрлар қызмет етеді (2017 жылы – 55147), өткен жылмен салыстырғанда 5 408-ге өсті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572