Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2196 0 пікір 20 Сәуір, 2011 сағат 02:40

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев қазақ диаспорасы тұратын Маниса уәлаяты мен Салихлы қаласында болды

АСТАНА.  20 сәуір.  ҚазАқпарат  - Түркияда Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің және Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қатынастардың 20 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасуда.    Аталған іс-шаралардың шеңберінде Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев екікүндік жұмыс сапарымен қазақ диаспорасы тұратын Маниса уәлаяты  мен Салихлы қаласында болды,

деп хабарлады   елшіліктің баспасөз қызметінен.

Сапар барысында Елші аталған уәлаяттардың  басшылығымен, сауда және өнеркәсіп палаталарының төрағаларымен, іскер топтар өкілдерімен және мәдениет қайраткерлерімен кездесті, өнеркәсіп орындарын аралады, Қазақстан тәуелсіздігіне арналған суреттер көрмесі өткізілді.

Салихлы қаласында Ж.Түймебаев қала әкімшілігінің басшысы Месут Йылдырыммен кездесті, Қазақстан мен Түркия аймақтарының арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Уәлаят басшылығы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің және Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қатынастардың 20 жылдығын тойлауға мүкіндігінше атсалысуға әзір екендігін атап өтті. М.Йылдырым Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың маңызды рөлін атап көрсете отырып, Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жоғары жетістіктерін айтып өтті.

Салихлы қаласының мэрімен кездесу барысында Ж.Түймебаев қала басшылығына қазақ диаспорасының өкілдеріне көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысын білдірді, сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау шеңберінде  жүргізіліп жатқан   іс-шаралар туралы ақпарат берді.

Сапардың жалғасы барысында Елші қала әкімшілігі басшысының, қазақ диаспорасы, қаланың қоғамдық-саяси және мәдени топтары өкілдерінің қатысуымен қаланың Орталық көрме галереясында Қазақстан туралы суреттер көрмесінің ресми ашылуы рәсіміне қатысты.

Ж.Түймебаев бастаған қазақстандық делегация сапар шеңберінде сондай-ақ Салихлы қазақтары қауымдастығының ғимаратында қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті.

Және елші, Түркияның ауыл шаруашылығы өнімін дамыту жөніндегі жетекші уалаяттарының  бірі  - Манисадада  болған  сапарында,  жыл сайын өткізілетін халықаралық «Месир маджуну» фестиваліне қатысты.

Сапар шеңберінде Ж.Түймебаев уалаят губернаторы Желалеттин Гүвенчпен, қала мэрі Женгиз Эргюнмен кездесті. Өткізілген кездесулер барысында Елші Қазақстанның ішкі саяси ахуалы, негізгі сыртқы саяси бастамалары және әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы әңгімеледі. Сұхбаттар негізінен  сауда-экономикалық, туристік, индустриалдық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне қатысты болды.

Елшінің сапары  ұлттық және аймақтық БАҚ-та кеңінен жария етілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5644