Түркістанда Елбасының «5 әлеуметтік бастамасы» аясында 100 көпқабатты үй салынады
Түркістанда 2019 жылдың көктемінде 1560 пәтер ел игілігіне беріледі. Оның 360 баспанасы «7-20-25» бағдарламасы арқылы үлестірілмек. Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай оытрып хабарлайды.
Осы игілік арқылы жергілікті әкімдікте үй кезегінде тұрған азаматтардың 20 пайызының өтініші қанағаттандырылады.
Түркістанда жаңадан бой көтерген Отырар мөлтекауданы қазір қарқынды құрылыс алаңына айналған. Осы маңдағы 100 гектар алқапқа 100 көпқабатты үй салынады деп жоспарланған. Қазір соның 62-сінде құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр.
«Сол жер телімдері бөлінгенде айтылған, сол маңға 100 үй салынады деп, қазі сол сөз рас болып отыр. Міне көктемде 1500 үй берсек, бұл деген үлкен жұмыс», — дейді Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев.
Отырар мөлтекауданында 6 пәтерлі 11 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлердің инвестициясы негізінде 60 пәтерлі 6 үй тұрғызылуда. Бұл үйлер Елбасының «5 әлеуметтік бастамасы» аясында 7-20-25 бағдарламасымен берілмек. Бүгінде Түркістан қалалық әкімдігінде 8343 азамат үй кезегінде тұр. Оның 2 мыңдайы мемлекеттік қызметкерлер. Келер жылдан бастап осы азаматтардың өтініштері кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады. Ол үшін мемлекет тарыпынан бөлініп отырған қаржының көлемі де ауқымды.
Abai.kz