Жексенбі, 24 Қараша 2024
2031 0 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 12:17

Түркістан облысы, Отырар ауданында бейімдеу орталықтары ашылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Қазақстан Халқына арнаған кезекті Жолдауында Мүмкіндігі шектеулі жандардың күнделікті қажеттерін өтеуге көмек берілсіндеген нақты тапсырма берілген болатын.

Осыған сәйкес, Түркістан облысы, Отырар ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бейімдеу орталықтарын ашу қолға алынған. Ауданда 2017 жылдан бастап мұндай мекеменің үшеуі қалыптасса, биыл да игі іс жалғасын тауып , Қоғам және Аққұм елдімекендерінде  әлеуметтік көмек көрсететін күндізгі қатынау бөлмелері ашылды.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық жасау басты назарға алынғаны белгілі. Бұл орталықты ашудағы мақсат – қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, даму деңгейін арттыруға, арнаулы әлеуметтік қызмет сапасының тиімділігін еселеп, мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты ортаға бейімдеу болып табылады. Еліміздің барлық азаматының қоғам үшін ерекше орны бар. Жыл басынан бері аудан көлемінде дәл осындай бірқатар мекемелер іске қосылған болатын. Бүгінгі қолданысқа берілген мекемеде балғын балалар ем алып, түрлі мамандар бақылауында болуымен қатар ата-аналар үшін де тиімді», -деген аудан әкімі Ерлан Айтаханов балалардың кешкі уақытқа дейін  қоғамдық ортаға бейімделуі мен ата-аналарға жайлы жағдай жасауға үлес қосқан жергілікті кәсіпкерлер мен жаны жомарт, қолы ашық азаматтарға шынайы алғысын жеткізді.

Жалпы ауданда мүмкіндігі шектеулі 90 бала бар. Жыл басынан бері Отырар ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларды кезең-кезеңімен күндізгі қатынау бөлмелеріне орналастыру жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Отырар, Маяқұм, Балтакөл ауыл округтерінде шағын қатынау бөлмесі ашылып, қызмет көрсетіліп жатса, игілікті бастамаға тағы да екі ғимарат қосылды.

Шара барысында ауыл тұрғындары атынан қоғамдық Кеңес Жұмашұлы мен Аққұм елдімекенінен Құтышбек Есенғараевтар  балғын балалардың өміріне бей-жай қарамай, игі істің басында жүрген азаматтарға  алғыс сезімін білдіріп, ақ баталарын берді.

Жомарт Бегімбет

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552