Сенбі, 23 Қараша 2024
2251 0 пікір 27 Қараша, 2018 сағат 13:20

«Қазығұрт» индустриялдық аймағында 2019 жылы 3 жоба іске қосылады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан құрылған Түркістан облысына ерекше назар аударып отырғаны белгілі. Өңірдегі әр саланы дамытуға нақты тапсырмалар да берген болатын. Елбасының сол тапсырмаларына сәйкес, өңірде әр сала бойынша қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр.

Мәселен, Қазығұрт ауданында өнеркәсіп өнім көлемі жыл сайын артып келеді. Оған өңірде ашылған индустриялдық аймақтың үлесі мол.  Бүгінгі таңда «Қазығұрт» индустриялдық аймағының жалпы аумағы - 13 гектар. Онда  1,9 млрд. теңгені құрайтын 7 жобаға жер телімі берілген. 2016-2017 жылдары 3 жоба іске асырылса, 2018 жылы 589 млн. теңгелік табиғи шырын сусын өндіретін «Көрік ШҚ» ЖШС-і жұмысын бастады. Ал 3 жобаны 2019 жылы іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев  мәлімдеді.

Аудан басшысының айтуынша, алдағы жылы индустриялды аймақта іске қосылатын жобалардың арасында жалпы құны 602,7 млн. теңгені құрайтын құрғақ сүт және сары май өндіретін «Асыл бастау KZ» ЖШС-і,  құны 125 млн. теңгелік «Ақ-ниет 5» ӨК-нің «Темір бетон өнімдері» жобасы және құны 112,7 млн. теңге құрайтын «КН экспорт 777» ЖШС-нің «Жиһаз шығару» жобасы бар.

«Қазығұрт ауданында кәсіпкерлік саласы тұрақты түрде дамуда. Дамудың жарқын көрінісі ретінде «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау» бағдарламасынан тыс жалпы құны 135 млн. теңгелік 2 жоба іске қосылғанын айтуға болады. Олар: «Қазығұрт айна» ЖШС-ның сұйық шыны өндірісі – 85 млн. теңге, «UNIFRUTTI GOLD» ЖШС-ның жемістер мен көкөністерді өңдеу арқылы диеталық пюрелер шығару өндірісі – 50 млн. теңге. Өнеркәсіп саласындағы жетістіктер жыл басында жоспарланған нәтижеге сай орындалуда. Аудан көлемінде бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 18 кәсіпорын бар.  Ағымдағы жылдың 10 айында өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындарында 5 млрд. 633 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,9 пайызды құрады», - деді Төлеген Тұртайұлы.

Қазығұрт ауданында қазіргі таңда 94 шағын жоба іске қосылып, 405 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұдан өзге,  шағын және орта кәсіпкерлер саны 8226-ға жетіп, 114,6 пайызға өсті. Шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында  қаржы ұйымдарынан 2018 жылдың 10 айында 4565 тұлғаға 2414,8 млн. теңге несие берілді. Негізгі басым бағыты – ауыл шаруашылық саласы бойынша.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381