Сенбі, 23 Қараша 2024
1947 0 пікір 20 Қараша, 2018 сағат 14:08

Түркістан облысындағы Теріскейде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қос балабақша ашылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 5 әлеуметтік бастамажобасында мектеп, балабақша сияқты әлеуметтік нысандарды көптеп ашу қажеттігін айтқан болатын. Сондай-ақ, балабақша тәрбиешілерінің жалақыларын көтеру керектігіне де тоқталған еді. Осыған сәйкес, жуырда Түркістан облысында  мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қос балабақша ашылды.

Оның бірі аудан орталығы Шолаққорғанда ел игілігіне берілді. 75 балаға лайықталған бөбекжайда қазір 50 бала тәрбиеленіп жатыр. Балабақшада сәбилердің алаңсыз ойнап, би билеп, жан-жақты қалыптасуы үшін барлық жағдай жасалған.

Үш тілде білім беретін орталықта 17 адам тұрақты жұмыс істейді. Олардың ішінде педагог, психолог, логопед мамандары бар.

Ал екінші балабақша Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Аққолтық елді мекенінде ашылды. 75 орындық «Асылжан» бөбекжайы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. Мұнда қазір 20 адам еңбек етеді. Ауыл балабақшасы балаларды бөбекжаймен қамтып қана қоймай, жұмыссыздық мәселесін шешуге де оңтайлы әсер еткен.

Жалпы, бүгінде ауданда 43 мектепке дейінгі мекеме болса, соның 17-сі мемлекеттік, 16-сы жекеменшікке тиесілі. Соның арқасында өңірде балаларды балабақшамен қамту 90 пайызға жеткен.

Айта өтейік, Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бой көтеретін балабақшалардың құрылысы жалғасын табатынын айтады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534