Жұма, 22 Қараша 2024
4474 0 пікір 30 Қараша, 2018 сағат 08:41

Түркістанда әкімшілік-іскерлік орталығының құрылысы басталды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан құрылған Түркістан облысына ерекше назар аударып отырғаны белгілі. Өңірдегі әр саланы дамытуға нақты тапсырмалар да берген болатын. Елбасының сол тапсырмаларына сәйкес, өңірде әр сала бойынша қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр.

Бүгін Түркістан облысының орталығы - Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылыс жұмыстары басталды. Тұтынудың жаңа технологиялары қолданылатын заманауи нысанның капсуласын салған өңір басшысы Жансейіт Түймебаев осынау тарихи сәттің маңыздылығына тоқталып, болашақ әкімдіктің жоспарымен бөлісті.

Ауданы 50 мың шаршы метрді қамтитын ғимарат 4 қабаттан тұрады. Мұнда заманауи тиімді кеңселер, су мен энергияны тиімді пайдалану жүйесі қарастырылған. Яғни, іскерлік орталық автоматтандырылған "ақылды ғимарат" қағидасымен жобаланған", - деді облыс басшысы.

Жансейіт Түймебаев – Түркстан облысының әкімі

  • ҚР тұңғыш президент күні қарсаңында үлкен осында іс-шара өткізіп отырмыз. Өздеріңізге белгілі биылғы жылдың 19-шы маусымында елбасымыз Түркістан қаласын облыс орталығы және жаңа Түркстан орталығын құруды жариялады. Ал, 29-шы қыркүйекте мінекей осы тұрған жерге келіп, елбасымыз жаңа Түркстан орталығыны іргетасын қалап кетті. Жаңа Түркстан оның іскерлік әкімшілік  аумағы жаңа Түркстан оның мәдени, рухани орталығы кесененің жанынан салынатын, соның барлығы  елбасының Түркстан халқына, Қазақстан халқына деген сыйлығы.

Нысанның құрылысын «BI group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаражаты есебінен жүргізуді ұсынып отыр. Алғашқы іргетасы 2019 жылдың қаңтар айынан бастап қаланатын әкімдіктің жоспар бойынша аяқталуы 2020 жылдың наурыз айына тура келеді деп күтілуде.

Ғабит Зейдалиев - «BI group» ЖШС өкілі

  • Құырлыс басталуы күні деп атайық. Бүгін біз капсуланы қойып, осы құрлысты бастаймыз. Соғып жатқан ғимарат 50-мың шаршы метрді құрап отыр. Екі жылдың ішінде соғып бітіреміз.            

Естеріңізде болса, ҚР Президентінің қатысуымен 2018 жылғы 29 қыркүйектегі өткен кеңесте Елбасы Н.Назарбаев Түркістан қаласында салынатын бірқатар нысандардың құрылысын бизнес өкілдерінің өз қаражаты есебінен жүргізу жөнінде тапсырма берген болатын. Нәтижесінде, сол кезде облыстар мен Ұлттық компаниялар, ірі құрылыс ұйымдары, бизнес өкілдері және шетелдік инвесторлар тарапынан бірқатар құрылыс нысандарын іске асыруға ұсыныстар енгізіліп, қолдау тапқан-ды. Солардың бірі бүгінгі құрылысы басталғалы отырған демеушісі «BI group» ЖШС-і болып табылатын әкімшілік-іскерлік орталық ғимараты.

Нұрсұлтан ӘБДІРАШИТ    

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290