Жұма, 2 Қазан 2026
Саңлақ 7367 9 пікір 4 Желтоқсан, 2018 сағат 16:47

«Astana Arlans» бокс клубы таратылды

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегіз маусымына қатысып, барлығында жүлделі орыннан көрінген «Astana Arlans» командасы таратылды. 

«Астана арландары» бұл турнирдің әр маусымынан жүлдесіз қалмағанын айттық. Үш мәрте алтын, екі кезек күміс, үш рет қола медаль жеңіп алды.

Ал енді осы жобаны қаржыландыруды тоқтату туралы шешім қабылданған екен. Команданың өмір сүруін тоқтататыны жайлы Қазақстан бокс федерациясының мәжілісінде ұйымның вице-президенті Данияр Әбілғазин мәлімдеді.

- «Astana Arlans» бокс клубы таратылады. Бұл жобадан шығу туралы шешім қабылдадық. Келесі маусымнан бастап бұл жарысқа қатыспаймыз, - деді Данияр Әбілғазин.

Бұндай шешімнің қабылдануына команданың осы маусымдағы сәтсіздігі себеп болған секілді. Естеріңізде болса, «Astana Arlans» Қытайда өткен WSB сериясының финалында «Cuba Domadores» командасына есе жіберіп, күміс медаль алған еді.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 383
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 395
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 613