Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 5358 10 пікір 6 Желтоқсан, 2018 сағат 19:05

Мәулен Әшімбаев: цифрландыру – бүгінгі заманның басты талабы

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев бүгін Өскемен қаласында өткен республикалық «Digital East – Болашаққа қадам» ІТ-форумында айтты. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев пен облыс әкімі Даниал Ахметов те қатысты.

Жалпы соңғы кездері Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру ісі бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Өңірде жастардың ІТ-технологияға деген қызығушылығы да уақыт өткен сайын артып келеді. Сондай-ақ облыстағы халыққа қызмет көрсететін мекемелер мен ірі өндіріс ошақтары да цифрландыруды игілігін көруде. Осындай игі істердің қорытындысы ретінде «Digital East – Болашаққа қадам» ІТ-форумы ұйымдастырылып, алдағы міндеттер нақтыланды.

Форумға арнайы қатысқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары мұндай бастамалардың ел дамуында маңызы зор екенін айтты.

– Цифрландыру дегеніміз – бүгінгі заманның басты талабы. Сондықтан қазірдің өзінде елімізде мемлекеттік қызметтің басым бөлігі цифрлы форматқа ауыстырылып, жаңа үрдістерге сай көрсетілуде. Тіпті ірі зауыттар мен өндіріс орындарында да ауыр жұмыстар цифрлы технологияның жемісін көріп отыр. Мұның барлығы Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың нақты нәтижесі екені сөзсіз. Мемлекет басшысы жаңа Жолдауында да бұл салаға ерекше мән беріп, инновациялық және сервистік секторларды дамытудың тиімді тетіктерін анықтап берді. Соның нәтижесінде бүгінде еліміз бойынша көптеген игі істер жүзеге асырылып, осы салада білікті, кәсіби мамандар даярлау ісі қолға алынды. Бүгінгі ІТ-форумды да сондай тың бастамалардың игі нәтижесі деп қарастыруымызға әбден болады, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар форум барысында «Үздік ІТ-шешімдер мен стартап жобалар» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Екі кезеңнен тұрған бұл байқауға 1500 үміткер қатысты. Жобаның басты мақсаты – тиімді ІТ-шешімдер мен стартап бастамаларды іріктеп, олардың жүзеге асырылуына қаржылай қолдау көрсету.

Цифрландыру ісі бойынша облыста медицина саласында да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгенін ерекше атап өткен жөн. Ол үшін Облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың жұмысын айтса да жеткілікті.

Аталған нысанға арнайы барған Мәулен Әшімбаев роботтандырылған хирургиялық орталықтың жұмысымен танысты. Мұнда Италиядан әкелінген Senhance Transenterix роботының көмегімен күрделі эндоскопиялық оталар жасалады. Роботтандырылған хирургия отаның дәлдігін арттырып, жарақаттың жеңіл және операциядан кейінгі ем-домның сапалы болуын қамтамасыз етеді.

Сапар соңында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары партияның облыстық активімен кездесіп, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы мен жақында жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған басымдықтарды жүзеге асыру барысын талқылады. Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Мемлекет басшысының аталған құжаттарда айқындап берген басымдықтары жүйелі сипатқа ие екенін айтып, оларды нәтижелі орындау үшін партияның алдында тұрған басты міндеттерге тоқталды.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318