Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3413 0 пікір 26 Қараша, 2018 сағат 20:55

Қамқорлықтағы балалардың денсаулығы қамқорлардың бақылауында

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен 2018 жылғы маусым айынан бастап заманауи медициналық технологияларды қолдана отырып, қамқорлықтағы балалардың денсаулығын бақылаудың жаңа форматы енгізіле бастады.

Бұл шара «Асар – Береке» қоғамдық қоры мен «Дегдар» гуманитарлық қоры» корпоративтік қоры мен «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» мамандарының қатысумен  қайырымдылық акция шеңберінде өткізіліп жатыр.

ҚР Президенті жолдауының шеңберінде аталған жұмыс 2009 жылдан бастап және енді балалар үйлерінде де жүргізілуде.

Жоғары дәріжедегі дәрігерлер көшпелі медициналық кешендерді қолдана отырып, медицина техникасының заманауи мүмкіндіктеріне сүйене, тәрбиеленушілерді тереңдетілген медициналық зерттеуден өткізуде.

Медициналық зерттеудің шеңберінде балалар мен педагогтар педиатр, офтальмолог, психиатр, хирург және басқа да салалық мамандардан кеңес алуда. Дәрігерлік бригадалар аталған зерттеулерді жыл ішінде республика бойынша балалар үйілерінде жоспарлап отыр.

Аталған технологиялардың артықшылығы дәрігерлердің болмаған жағдайда педиатр мен салалық мамандардың өкілдігі орта медициналық құрамына жүктеледі. Сондай-ақ балалар жағдайының мониторингісін нақты уақыт тәртіптемесінде жүргізілуде. Аталған тәжірибе Астана қаласындағы мектептерде қолдынылған.

Созылмалы аурулар балалық шақта пайда боуын ескере отырып, медициналық зерттеулердің ерте жаста өткізілуі өте маңызды. Медициналық зерттеулер аурудың асқынуын және оның одан әрі ұшынуын алдын алуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні Астана, Алматы қалаларының, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының 36 балалар үйлерінің 2000-нан астам тәрбиеленушілері зертеуден өткізілуде.

Барлық балаларға жүрек-қан тамырлары, эндокринді, құрсақ қуысы және басқа да зерттеулер жүргізілді.

Зерттеулердің нәтижесі бойынша тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайы туралы ақпарат Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар республикалық деректер банкінде көрсетіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419