Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 14266 1 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 21:06

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны басталды

2018 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Балалық шақ – мейірімділік мекені» ұранымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны басталды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Республикалық ақпараттық науқан шенберінде еліміздің әр аймағында облыстардың Астана, Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен үкіметтік емес ұйымдармен:

*балаларға қатысты қатыгездікпен қарау мәселелеріне қоғамның назарын аудару және балаларға қатыгездік танытутың, тәрбиелеудің зорлық әдістеріне жол берілмеу туралы ақпарат тарату;

*ата-ана жауапкершілігін насихаттау;

*балаларға қатысты зорлық- зомбылық және қатыгездікпен қарау жағдайларында көмек көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізіледі.

Еліміздің барлық өңірлерінде семинарлар, кездесулер, конференциялар, флеш-мобтар, демалыс күні мерекелері, рейдтік іс-шаралар өткізіледі және білім беру мекемелерінде көрмелер ұйымдастырылады.

Ақпараттық науқан 2018 жылдың 23 қарашасына дейін жалғасады.

Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы - еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа үйрету керек. Осылардың барлығын балалардың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты болмақ. Сонымен бірге бала тәрбиесіндегі тәрбиелілікке үйретудегі пәрменді тәсіл - адамдардың өзара тәлімі мен үлгісі екенін айтқанымыз жөн. Халық даналығы – «Адамнан - адам тәлім алады, ағаштан – ағаш мәуе алады» деген сөз бекер айтылмаған.

Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға - тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде, біздер мейірімі мол қайырымды қоғамды құрып қана қоймай, зорлық - зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік. Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық - зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады.

Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да, тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады. Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекетіміздің қандай бағытта, қалай дамуы керек екендігін белгілеп берді. Әрине, осы міндетті болашақта жастардың жүзеге асыратындығы күмәнсіз. Олай болса, сол жастардың білім деңгейі, ата - анадан алған тәлім - тәрбиесі қандай дәрежеде деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа толық, жан - жақты жауап беру әзірге қиындау, оған дәлел – бүгінгі қоғамымызда қылмыстың күннен - күнге көбеюі. Біздің ойымызша, оның себебі жастарымызға уақытында ұлттық тәрбиені бере алмағанымыздан туындағаны жасырын емес. Әрине, қазіргі таңдағы әлеуметтік - тұрмыстық жағдайдың нашарлауы да бұған әсер етуде. Сонымен қатар тәрбие саласына аса мән беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Бұл мәселе жөнінде біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр әл Фараби: "Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы"- деген болатын.

Балалар – еліміздің болашағы. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру әр ата - ананың міндеті. Ананың бесік жырынан басталатын қарым - қатынасы, іс - әрекет, әдет - ғұрып, салт - дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана - сезімін, мінез - құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра екенін ескеруіміз керек. Сондықтан да, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Балалық шақ – мейірімділік мекені» ұранымен  өтетін «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны сәтті боларына сеніміміз кәміл.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572