Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3629 0 пікір 25 Қазан, 2018 сағат 21:25

Сағадиевтің төрағалығымен балалар құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтеді

2018 жылғы 28 қарашада өңірлерді қосу арқылы бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) ХХIII-ші отырысы өтеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Кезекті ВАК отырысында келесі сұрақтарды қарау жоспарлануда:

1.  Балалардың білім алуға конститутциялық құқығын қамтамассыз ету;

2.  ВАК-тың  XXI және XXII отырыстарының қорытындысы бойынша хаттама шешімдерінің орындалуы туралы;

3.  Балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетудің алдын алудың 2018 – 2021 жылдарға арналған ведомствоаралық бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы;

4.  2019 жылға арналған ВАК-тың жұмыс жоспарын бекіту туралы;

5.  Әртүрлі сұрақтар.

ВАК жұмысына Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл С. Айтпаеванын, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия секретариатының, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер, сыртқы істер, инвестициялар және даму, ақпарат және коммуникация, ұлттық экономика, мәдениет және спорт министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.

ВАК қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға арналған нақты ұсынымдар тұжырымдалады.

Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

ВАК кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында 2007 жылы құрылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5356