БжҒМ балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетудің алдын алу жөніндегі жоспарды жарияланды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетудің алдын алу жөніндегі 2019 –2021 жылдарға арналған ведомствоаралық бірлескен іс-қимыл жоспарының жобасы әзірледі, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Аталған жоба келесі бөлімдерінен құрайды: нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, Балалардың құқықтарын қорғау мәселесімен айналысатын мамандардың біліктілігін арттыру, балалардың арасында зорлық-зомбылықты және қатыгездік көрсетудің алдын алу, қолайсыз отбасыларымен жұмыс істеу, балаларды медициналық-психологиялық сүйемелдеу және ақпараттық сүйемелдеу.
Осыған орай, Сізді аталған жобаға ұсыныстар мен ескертулерді беруіңізді сұраймыз.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетудің алдын алу жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған ведомствоаралық бірлескен іс-қимыл жоспары мынандай.
№ р/с | Іс-шаралардың атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі | Болжамды шығыстар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру | |||||
1. | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің қолданыстағы бұйрықтарына кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқық бұзушылықтың ерте алдын алуын жүргізуге кері әсер ететін өлшемдерді алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізу:Білім мониторингін іске асыру ережелерін бекіту туралы (2014 жылғы 12 қарашадағы № 459);"Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекіту туралы (2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544);Білім беру ұйымдарын бағалаудың өлшемдерін бекіту туралы (2016 жылғы 2 ақпандағы №124). | БҒМ бұйрығы | БҒМ | 2019 жылнаурыз | талап етілмейді |
2. | «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Үкімет Қаулысының жобасы | БҒМ | 2019 жылғы5 маусым | Талап етілмейді |
3. | Заңмен қайшылыққа түскен балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын әзірлеу және бекіту | БҒМ бұйрығының жобасы | БҒМ | 5 маусым2019 жыл | талап етілмейді |
4. | Білім саласында психологиялық қызмет жұмыстарын қамтамасыз ету:- Білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет жұмыстарын талдауды жүргізу;- психологиялық қызмет жұмыстарын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар пысықтау | ҚР Білім және ғылым министрлігіне ақпарат | БҒМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері(мүдделі мемлекеттік органдар) | 2019 жылғы наурыз | талап етілмейді |
Балалардың құқықтарын қорғау мәселесімен айналысатын мамандардың біліктілігін арттыру | |||||
5. | Балалардың құқықтарын қорғау, "тәуекел тобындағы" балаларды ерте анықтау мәселесімен айналысатын қызметкерлерге арналған семинар-тренингтердің және арнайы курстардың өткізілуін қамтамасыз ету, және оларға көмек көрсету | ҚР БҒМ ақпарат | БҒМ, ІІМ, ДМ,Еңбек миніоблыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері,«Өрлеу» БАҰО АҚЮНИСЕФ (келісім бойынша) | 2019 ж.2020 ж.2021 ж.5 қантар | РБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
6. | «Бақытты отбасы» отбасылық тәрбие бойынша кадрларды қайта даярлау және біліктіліктерін көтерудің оқу курс бағдарламалары» бағдарлама бойынша педагог-психологтардың біліктілігін көтеруді ұйымдастыру | ҚР Білім және ғылым министріне ақпарат | БҒМ,облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері | 2019 жылғы5 желтоқсан | РБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
7. | «Қауіпсіз білім беру ортаны қамтамасыз ету және мектептегі зорлық-зомбылықты болдырмау, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу» бағдарламасы бойынша 200 педагог-психологтарға арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру | ҚР Білім және ғылым министріне ақпарат | БҒМ,«Өрлеу» БАҰО АҚ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері, | 2019 жылғы25 қантар | РБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
8. | Жапонияның тәжірибесін ескере отырып, білім беру ұйымдарында медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз ету | ҚР Білім және ғылым министріне ақпарат | ДМоблыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері | 2019 ж.2020 ж.2021 ж.5 желтоқсан | РБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
Балалардың арасында зорлық-зомбылықты және қатыгездік көрсетудің алдын алу | |||||
9. | Балаларға қатыгездік көрсету мәселесіне назар аударуға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету және қатыгездік көрсетудің пайда болуына жол бермеу оның ішінде тәрбиелеудің күштеу әдістері туралы ақпараттарды тарату | БҒМ-ге ақпарат | ҚДМ, БҒМ, ДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Астана, Алматы және Шымкент ққ. Әкімдіктері | 2019, 2020, 2021 жж.5 қаңтар | РБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
10. | Білім беру ұйымдарында адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын ықпалдастыруды жалғастыру | ҚР Білім және ғылым министріне ақпарат | БҒМ,«Бөбек» ҰҒПБСОоблыстардың Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері | 2019, 2020, 2021 жж.5 қаңтар | РБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
11. | Түркістан облысының барлық күндізгі, мемлекеттік жалпы білім беру ұйымдарында, Сарыағаш, Келес аудандарының мектеп-интернаттарында адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын ықпалдастыруды қамтамасыз ету | ҚР Білім және ғылым министріне ақпарат | БҒМ,«Бөбек» ҰҒПБСОТүркістан облысының әкімдігі | 2019 ж.5 желтоқсан | РБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
12. | Өмірлік қиын жағдайға тап болған, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға уақтылы әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуге бағытталған нақты алдын алу шараларын іске асыруды қамтамасыз ету | ҚР Білім және ғылым министріне ақпарат | БҒМ,Еңбек мині,облыстардың Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері | жыл сайын | ЖБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
13. | Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық - зомбылыққа қарсы әрекет етуге бағытталған халық арасында мәдени-ағартушылық және ақпараттық-насихаттау іс-шараларын, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу | ҚР Білім және ғылым министріне ақпарат | Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктеріБҒМ, ДМ, мүдделі мемлекеттік органдар | жыл сайын | ЖБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
14. | Балалар арасындағы зорлық - зомбылық пен қатыгездік көрсетуді азайту бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізуге үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты кеңейту | БҒМ-ге ақпарат | Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері | 2019, 2020, 2021 жж.5 желтоқсан | ЖБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
15. | Ақмола. Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында заңмен байланыстағы балаларға, террористік аумақтан оралған кәмелетке толмағандарға арналған сауықтыру орталықтарын құруды қамтамасыз ету | Үкіметке ақпарат | БҒМ, облыстардың Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері | 2019 жылғы желтоқсан | ЖБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
16. | "Рухани жаңғыру "бағдарламасы шеңберінде" Тәрбие және білім " кіші бағдарламасын іске асыру бойынша шаралар қабылдау" | ҚР Білім және ғылым министріне ақпарат | БҒМ, облыстардың Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері | 2019, 2020, 2021 жж.5 желтоқсан | ЖБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
17. | Террористік аймақтардан оралған кәмелетке толмағандарды сауықтыру және дерадикализация қызметтерін ұйымдастыру | БҒМ-ға ақпарат | БҒМ,облыстардың Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері | Үнемі | талап етілмейді |
18. | Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялардың қызметін жандандыру жөнінде шаралар қабылдау | БҒМ-ға ақпарат | облыстардың Астана, Алматы және Шымкент ққ. Әкімдіктері | Тоқсан сайын, кезекті айдың 5-ші күні | талап етілмейді |
19. | Алматы Жамбыл, Қарағанды облыстарында және Шымкент қаласында "зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою" бағдарламасын енгізуді қамтамасыз ету | ҚР Білім және ғылым министріне ақпарат | БҒМ,Алматы Жамбыл, Қарағанды облыстарының және Шымкент әкімдіктері | 2019 ж.желтоқсан | ЖБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
20. | Кәмелетке толмағандарды есірткі қолдануға және өткізуге, жезөкшелікпен айналысуға, өзге де құқыққа қарсы әрекеттерге тарту фактілерін анықтау мақсатында жастардың жаппай болатын орындарын, ойын-сауық мекемелерін тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету | ҚР Білім және ғылым министріне ақпарат | ІІМ, БҒМ, ДМ,Еңбек миніоблыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері | Жарты жылда 1 рет кезекті айдың 5-ші күні | талап етілмейді |
21. | Интернетті қауіпсіз қолдану тақырыбы бойынша, балалар және оларға қатысты виртуальдық қудалау жағдайларына ұшырауды болдырмау бойынша балалар арасында ағартушылық жұмысты ұйымдастыру | Ақпараттық ағартушылық кампания | АКМБҒМІІМ | Жылсайын | талап етілмейді |
22. | Кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу және зорлық-зомбылық мәселелері бойынша "Сенім телефондары", "жедел желі" жұмыстарын ұйымдастыру | БҒМ-ғаақпарат | БҒМмүдделімемлекеттік органдар, ұйымдароблыстардың, Астана, Алматы, Шымкент ққ әкімдіктері | Жылсайын | ЖБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
23. | Жеткіншектерге сексуалды және репродукттивті денсаулықты сақтау, қауіпсіз түсік тастаудың алдын алу және т.б. мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету бойынша жастардың денсаулығы орталығының жұмысын ұйымдастыру | БҒМ-ға ақпарат | ДМ, БҒМ, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері | Жыл сайын 25 қантар | талап етілмейді |
24. | Тыйым салынған интернет-сайттардың бірыңғай реестрді құру | Бұйрық | АКМ | 2019 жылғы желтоқсан | талап етілмейді |
25. | Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі мамандардың штаттық санын арттыру бойынша шаралар қолдану (5 мын балаларға 1 маман) | БҒМ-ға ақпарат | Обыстардың Астана, Алматы және Шымкент ққ. Әкімдіктері | 2019 жылығыжелтоқсан | ЖБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
26. | Ауларалық және балалар мен жасөспірімдер клубары, спорттық және шығармашылық секцияларын, үйірмелерді, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға қолжетімді желілерді кеңейту бойынша шаралар қолдану | Үкіметке ақпарат | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. Әкімдіктері | 2019 жылғы5 желтоқсан | ЖБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
27. | «21 ғасырдың Қазақстандық ата-аналары: «Өз балаңа үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциялар циклын ұйымдастыру:- «Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету»- «Кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу»;- «Отбасылық құндылықтарды арттыру және нығайту»;- «Кәмелетке толмағандар арасында және кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу»;- «Деструктивті діни ағымдарды енгізудің алдын алу, діни орамалдарды тағатындарды қолдайтын ата-аналармен жұмыс». | ҚР Білім және ғылым министріне ақпарат | БҒМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. Әкімдіктері | 2019 жылғыжелтоқсан | РБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
28. | Саясат, өнер саласының қайраткерлерін шақыру арқылы «Саналы ата-аналар» зорлық-зомбылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша онлайн режимінде республикалық ата-аналар жиналысын өткізу | ҚР Білім және ғылым министріне ақпарат | БҒМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. Әкімдіктері | жарты жылдабір рет | талап етілмейді |
29. | - Педагогикалық қызметті және кәмелетке толмағандармен жұмыс жасаумен байланысты қызметтерді иеленуге өмір бойы тыйым салу туралы сот өкімін орындау ережелерін іске асыруға үнемі талдау;- Педагог қызметкерлерінің ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеттің территориялық органдарына сауал жіберу арқылы олардың сотты болуы және сотты болмауын тексеру;жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру | БҒМ-ға ақпарат | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. Әкімдіктері (мүдделі мемлекеттік органдар) (келісім бойынша) | 2019, 2020, 2021жж5 маусым5 желтоқсан | талап етілмейді |
30. | Балалар мен жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері жағдайын болдыртпау немесе хабарлаған тұлғаларды ынталандыру бойынша ұсыныс әзірлеу | БҒМ-ға ақпарат | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері | 2019 жылғы наурыз | ЖБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
Қолайсыз отбасыларымен жұмыс істеу | |||||
31. | Жалпы білім беретін ұйымдарда сабаққа қатыспайтын немесе дәлелсіз себептермен үнемі сабаққа қатыспайтын оқушыларды анықтау және есепке алуды күшейту | ҚР Білім және ғылым министріне ақпарат | БҒМ, ІІМоблыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері | Тоқсан сайын, кезекті айдың 5-ші күні | Талап етілмейді |
32. | Профилактикалық есепте тұрған 14 жастан 18 жас аралығындағы кәмелетке толмаған азаматтарды және полиция органдарында есепте тұрған әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балаларын оқудан тыс уақытта уақытша жұмысқа орналастыру бойынша жқмысты ұйымдастыру | БҒМ-ге ақпарат | БҒМ,Еңбек миніоблыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. Әкімдіктері | 2019, 2020, 2021 жылдардағы5 желтоқсан | ЖБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
33. | 14-18 жастағы кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерге арналған мотивациялық жүйені әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу | БҒМ-ге ақпарат | БҒМ, ІІМ, Еңбек мині, ДМ, АКМ, МОС,облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері |
2019 жылғы5 маусым | талап етілмейді |
34. | Өмірлік қиын жағдайда жүрген (зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке ұшыраған, өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасаған, ерте жүктілік жасаған) отбасылар мен балалардың электрондық деректер банкін құру | БҒМ-ге ақпарат | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері | тұрақты | талап етілмейді |
35. | «тәуекел топтағы» балалармен (оның ішінде мектеп ішілік және полиция органдарында есепте тұрғандар) және қолайсыз отбасылармен жұмыс бойынша кешенді профилактикалық шараларды пысықтау | БҒМ-ге ақпарат | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері ІІМ | 2019 жылғы25 қантарға дейін | талап етілмейді |
36. | Балалардың, оның ішінде қолайсыз отбасынан шыққан балалардың, сондай-ақ «тәуекел топтағы» балалардың мәдени-ойын-сауық, спорттық, дене шынықтыру-сауықтыру орталықтарына тегін қолжетімділігін, сондай-ақ демалыс кездері (мұражайға, театрға, кітапханаға, спорт сарайларына, стадиондарға, спорт залдарға және т.б.) қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау | БҒМ-ге ақпарат | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері | Тоқсан сайын, кезекті айдың 5-ші күні | талап етілмейді |
Балаларды медициналық-психологиялық сүйемелдеу | |||||
37. | Білім беру ұйымдарын психолгтармен, әлеуметтік педагогтармен, медициналық жұмысшылармен және мектеп инспекторларымен толықтыру | БҒМ-ге ақпарат | БҒМ, ІІМ, ДМоблыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері(келісім бойынша) | Жыл сайын 25 тамызға дейін | ЖБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
38. | Балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларын анықтау, тіркеу, жұмыс істеу және уәкілетті органға / қызметке жіберу бойынша оның орындалуына мониторинг жүргізу үшін іс-қимылдар алгоритмі мен құралдарды әзірлеу және тестілеу | БҒМ-ге ақпарат | ДМ, ІІМ, БҒМ, Еңбек мині, Астана қ әкімдігіЮНИСЕФ БҚ(келісім бойынша) | 2019 ж.желтоқсан | РБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
39. | «Тәуекел топ» отбасынан шыққан балаларды медициналық-педагогикалық-психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру | БҒМ-ға ақпарат | БҒМ, ДМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері(келісім бойынша) | 2019,2020, 2021 жж.5 желтоқсан | талап етілмейді |
40. | Білім беру ұйымдарында балаларды медицина қызметкерлерімен күн сайын аралап шығуды қамтамасыз ету | БҒМ-ға ақпарат | ДМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері | тұрақты | талап етілмейді |
41. | Ішкі істер органдарын міндетті түрде хабардар ете отырып, зорлық-зомбылыққа ұшыраған, өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасаған балаларды медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз ету | БҒМ-ға ақпарат | ДМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері | тұрақты | талап етілмейді |
42. | Зорлық әрекеттерден зәбір көрген балаларға, оның ішінде жүкті кәмелетке толмағандарға медициналық, психологиялық және консультациялық көмек қызметтерін көрсетуші патронаж ұйымдарды қамтамасыз ету | БҒМ-ға ақпарат | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері | тоқсан сайын, келесі айдың5-не дейін | ЖБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
43. | Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік көрсетуге нөлдік төзімділікті қамтамасыз ету, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне қоғамның назарын тартуға бағытталған «Өмірге ия деп айт», «Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ», «Қауіпсіз мектеп» республикалық акцияларын ұйымдастыру | ҚР Білім және ғылым министріне ақпарат | БҒМ, ІІМ, МСМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері(келісім бойынша) | Жыл сайынТамыз-қыркүйек-қараша | Талап етілмейді |
Ақпараттық сүйемелдеу | |||||
44. | Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мәселелерді аймақтық және республикалық БАҚ-та жарықтандыруын ұйымдастыру(брифингтер, мақалалар, репортаждар, сұхбаттар, телевизиялық бағдарламалар, ақпарат кестелері, жадынамалар, анықтамалық материалдар) | ҚР Білім және ғылым министріне ақпарат | АКМ, БҒМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері | жарты жылдабір рет | талап етілмейді |
45. | Балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік, онын ішінде жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық мәселелерінде бұқаралық ақпараттық құралдарын дұрыс орналастыру бойынша тілшілер арасында жұмыс жүргізуді ұйымдастыру | БҒМ-ға ақпарат | АКМоблыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері | 2019 жылы5 желтоқсан | талап етілмейді |
46. | Балалардың қауіпсіздігін және оларға қатысты зорлық-зомбылықты төмендетуге бағытталған әлеуметтік бейнероликтерді республикалық телеарналарда көрсету мәселесін қамтамасыз ету | республикалық телеарналарды көрсетіледі | АКМ, БҒМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері | жарты жылдабір рет | РБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
47. | Өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға, оның ішінде адамгершілік-жыныстық тәрбие мәселелері бойынша қолдау көрсететін және көмек беретін ұйымдар мен қызметтердің тізбесін БАҚ-та орналастыруды қамтамасыз ету | БҒМ-ға ақпарат | АКМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері | жылына1 рет | ЖБ-да қарастырылған қаражат шегінде |
48. | Балаларға қарсы зорлықтың алдын алу және болдырмау мәселелерінде ата-аналардың құзыреттілігін арттыру мақсатында конференциялар, дөңгелек үстелдер, лекциялар, жиналыстар өткізуді ұйымдастыру | БҒМ-ға ақпарат | облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері(келісім бойынша) | жарты жылдабір рет | талап етілмейді |
Қысқартылған сөздердің мағынасы:
БҒМ – Білім және ғылым министрлігі
ІІМ – Ішкі істер министрлігі
АКМ – Ақпараттық және коммуникациялар министрлігі
ҚДМ – Қоғамдық даму министрлігі
ДМ – Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбек мині – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЖБ – жергілікті бюджет
РБ – республикалық бюджет
Abai.kz