Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Билік 3547 0 пікір 22 Қазан, 2018 сағат 13:06

Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс тәртібі

Халыққа қызмет көрсету орталығы 2007жылы төрешілдік пен әкімшілік кедергілерді жою мақсатында қазақстандықтарға бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құрылды.  Барлығы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, түрлі органдардың құжаттарын дайындау жөніндегі қызметтерді бір жерде алу мүмкіндігін жасау, сондай-ақ құжаттарды орындаушы мен азаматтардың арасында тікелей байланысты болдырмау ХҚКО ның басты оң қасиеттеріне айналды.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан республикасы Заңының 11-1 бабына сәйкес Қазақстан Республиасының Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ҚР Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы»шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары және ҚРденсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қосу және қайта құру арқылы  қайта ұйымдастырылды.  Осы қаулы 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді.

Ауданымыздағы ХҚКО қазіргі заманғы техникалармен білікті мамандармен қамтылған. Орталық аптаның алты  күнінде таңғы  9.00- ден бастап,  кешкі  сағат 20.00 ге дейін үзіліссіз қызмет етеді. Орталық та барлығы 12 адам жұмыс жасайды оның 6 -ы  құжаттарды қабылдау жөніндегі маман. Сонымен қатар Тайпақ ауылдық округінде Тайпак секторында 1 маман 9.00- ден  кешкі 17.00ге дейін жұмыс жасайды.

Орталықта 283 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Өткен жылы   156520 тұрғын  электрондық  форматта  мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер алу үшін электрондық үкімет порталына жүгінген. 3392 адам электрондық цифрлық қолтаңба алған. Олардың барлығы «Connection point"  өзіне өзі қызмет көрсету секторында  е -қызметтерді өздігінен ала алады.

2016жылы Мобильдік ХҚКО ауданымыздың шалғай елді мекендеріне айына 2 мірет  120 рет  іс сапарға шығып, жергілікті тұрғындарға  2033 мемлкеттік қызмет түрін  көрсетті. Сонымен қатар ең көп талап етілетін анықтамалар: Мекен-жай анықтамасы, Жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтама , зейнетақы туралы анықтамалар да  821  дана берілді.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша да жұмыстар жүргізіліп келеді. 1,2 мүгедектігі бар адамадар мемлекеттік қызметтерді  1414 бірыңғай орталық байланыс нөміріне хабарласа  отырып , 72 сағат ішінде үйлерінде  ала алады.  2016 жылы орталық 161 қызметті үйге жеткізді.

2016 жылдың  қыркүйек айында «Азаматтарға арналған үкімет» мелекеттік корпорацияы жаңа пилоттық жобаны іске қосты. Бұл жоба шеңберінде  баланың туылуын тіркеуді , бала туу мен оның күтіміне жәрдемақы тағайындауды, босану және жүктілікке байланысты табысын жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлемдерді рәсімдеуді, сондай ақ баланы бала бақша кезегіне қоюды жас аналар перзентханада жүзеге асырады. Композиттік қ ызмет көрсету барлық  4 қызметке бір уақытта перзентханада өтініш қабылдауды білдіреді. Дайын болған туу туралы куәлікті ата -аналар , құжат тапсырған күнді есептемегенде  2 жұмыс күні ішінде халыққа қызметк өрсету орталықтарынан алуларына болады, ал жәрдемақы тағайндау туралы ақпарат  клиенттің ұялы телефонына смс хабарландыру арқылы түседі.  Қыркүйек айынан бері  ауданымыздың перзентханасында 31 - қызмет  рәсімделді.  Сонымен қатар 2016жылдың маусым айынан бастап ХҚКО-да жаңа 35 мемлекеттік қызмет  пилоттық режимде  іске қосылды. Атап айтқанда енді халыққа қызмет көрсету орталықтарына салық есептілігін қабылдау ға және кері қайтаруға, дара кәсіпкерлерге патент беруге, қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім балаларды және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап бағуға жәрдемақы тағайындауға ,ҚР  жеке істер бойынша кіруге шақыруларды рәсімдеу т б қызмет түрлері жатады. 2017жылдың 16 қаңтарынан бастап мемлекеттік  мемлекеттік  қызметтер  бойынша  3 композиттік пилоттық жоба  іске қосылды.

1)    «Қайтыс болуын тіркеу»  және «Жерлеуге берілетін  біржолғы  төлемді  тағайындау.» Бұрын тұтынушы қайтыс болу куәлігіне  құжат тапсырады, ол 2 жұмыс күнінде дайын болады. Содан кейін қайта келіп, жерлеуге біржолғы  төленетін жәрдемақыға құжат тапсыратын. Ал қазір екі қызмет түріне 1келгенде өтініш қалдыра алады.

2) Жер учаскесінің сәйкестендіру құжатын дайындау және кейіннен әділет органдарында құқығын тіркеу. Бұл қазметте жоғарыда көрсетілгендей жер актісі дайындалып келгеннен кейін ХҚКО маманы тұтынушыны шақыртпай, алдын ала алынған өтініш негізінде  жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуге тапсырады.

3) Бала тууға және 1 жасқа дейін бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау кезінде эксаумақтық қағидатты ( облыс шегінде) қолдану

Сонымен қатар бүгінде  ХҚКО арқылы ақылы қызметтер көрсету жұмысы қарқынды жүруде. Алдағы уақытта да бұл қызметті барлық тұтынушылар пайдалана отырып уақыт үнемдеп тез арада құжаттарын дайындатып алуына болады. Қызмет  жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. Ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін жауапты қызметкерлер тағайындалады. Ол құжаттардың толық пакетін қалыптастырғаннан кейін қызметті алушыға уәкілетті органға өтініш беруге көмектеседі. Бұл үшін мемлекеттік және өзге органдарға тапсырыс берушінің мүддесін қорғау үшін қызметкерге сенімхат, сондай-ақ өзге де құжаттар алу қажет. Ақылы қызметтің мақсаты ХҚКО -на келген тұтынушыны ары-бері әуреге салмай тұтынушының атынан жергілікті мемлекеттік атқарушы органдарға төленетін міндетті төлемдерді ХҚКО қызметкері тұтынушыдан қолма -кол ақшаны алдын ала алады. Аталған қызмет үшін Тұтынушыдан алынған қолма -қол ақша үстінен ХҚКО Шотына бөлек сома төленеді.

Елбасы тапсырмасы бойынша елімізде жүзеге асырылып жатқан «бір терезе» жобасының тиімділігі  толық дәлелденіп отыр. ХҚКО әрі қарай да халыққа жемісті еңбек ете бермек.

Abai.kz

0 пікір