Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3406 0 пікір 28 Сәуір, 2011 сағат 06:08

Қуандық Шамахайұлы. Ректорға бағыныштыжоғары оқу жоғары білім бермейді

Қазақстандағы жоғарғы білім саласындағы түрлі реформалар мен іс-шараларға сын көп. Жалпы, елімізде 1990 жылдардың орта тұсынан басталған жоғары білім реформалары осы саланың менеджмент жүйесін түсініксіз жайларға душар етті. Оны әркім әртүрлі түсіндіреді. Біреулердің пайымдауынша, мәдениеті жоғары дамыған АҚШ-тың жүйесін механикалық тәсілмен көшіргендіктен, біздің жағдайымызға үйлеспей жатқан көрінеді. Ал енді бір сарапшылардың  айтуынша,  Американың үлгісін қабылдағанда, кейбір маңызды процедураларын жоғалтқандықтан, шынайы мазмұнына сай келмей  келмей бұрмаланды деседі.

Қалай болғанда да еліміздің жоғары білім беру ісіне жұрттың көңілі толмайтыны рас. Әлемдік стандартты айтпағанның өзінде, бұрынғы барымызды жоғалтып алдық деушілер де бар. Қанша жерден өзгерттік, жаңарттық деп өзеуресек те, біздің берген дипломдарымызды әлем елдері мойындап отырған жоқ. Қазіргі таңда ғылым мен білім туралы заң бекітіліп, салаға жаңа министр келгелі еліміздің ЖОО, соның ішінде ұлттық мәртебеге ие болған университеттер үшін екі мәселе аса маңызды болып отыр. Оның біріншісі -ғылыми зерттеуді басшылыққа алған университет (research university) болу, екіншісі - шынайы оқу ордасына (training center) айналу.

Қазақстандағы жоғарғы білім саласындағы түрлі реформалар мен іс-шараларға сын көп. Жалпы, елімізде 1990 жылдардың орта тұсынан басталған жоғары білім реформалары осы саланың менеджмент жүйесін түсініксіз жайларға душар етті. Оны әркім әртүрлі түсіндіреді. Біреулердің пайымдауынша, мәдениеті жоғары дамыған АҚШ-тың жүйесін механикалық тәсілмен көшіргендіктен, біздің жағдайымызға үйлеспей жатқан көрінеді. Ал енді бір сарапшылардың  айтуынша,  Американың үлгісін қабылдағанда, кейбір маңызды процедураларын жоғалтқандықтан, шынайы мазмұнына сай келмей  келмей бұрмаланды деседі.

Қалай болғанда да еліміздің жоғары білім беру ісіне жұрттың көңілі толмайтыны рас. Әлемдік стандартты айтпағанның өзінде, бұрынғы барымызды жоғалтып алдық деушілер де бар. Қанша жерден өзгерттік, жаңарттық деп өзеуресек те, біздің берген дипломдарымызды әлем елдері мойындап отырған жоқ. Қазіргі таңда ғылым мен білім туралы заң бекітіліп, салаға жаңа министр келгелі еліміздің ЖОО, соның ішінде ұлттық мәртебеге ие болған университеттер үшін екі мәселе аса маңызды болып отыр. Оның біріншісі -ғылыми зерттеуді басшылыққа алған университет (research university) болу, екіншісі - шынайы оқу ордасына (training center) айналу.

Озық ойлы ғалымдардың пікірлеріне келсек, еліміздегі ірі университеттердің өзінде қалыптасқан жағдай сын көтермейді. Айталық, жоғарыда аталған research university-дің мәнін жетік түсінбейтіндіктен, ғылыми кеңестің өзі ректорлардың жетегіндегі аты бар да, заты жоқ ұйымға айналған. Кеңес шын мәнінде, профессор, оқытушылар ұжымы алдында есеп беруге құлықсыз, ректордың айдауындағы енжар құрылым болып кеткен. Осының салдарынан бүгінде университет менеджментіне профессор оқытушылардың қатысуы, олардың жұмыстық белсенділіктері іс жүзінде қысқарған көрінеді.

ЖОО базасын жетілдіруге еліміздің үкіметі айтарлықтай көңіл бөліп отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік тәжірибеге зер салсақ, университеттердің қаржылық көздері оқу ақысынан, демеушілердің көмегінен, ғылымға бөлінетін дотациядан, патент, лицензия, роялттық төлемдерден және мемлекеттік бюджеттен құралады екен. Батыс Еуропа елдері, Жапония, Австралияға қарағанда,  АҚШ-та үкімет тарапынан ЖОО-ны қаржыландыру жағы айтарлықтай аз. Алайда, соған қарамастан, соңғы жылдардағы мәліметтерге қарағанда, АҚШ бакалаврдан жоғарғы академиялық дәреже беретін университеттердің барлық кірістерінің 50,77%-ын мемлекеттік немесе жергілікті бюджет құйса, 18,06%-ын оқу ақысы, 25,32%-ын көмекші шаруашылықтар, қызмет көрсетудің өзге түрлерінен түскен табыс, қалған 5,83% -ын демеушілерден бөлінген қаржы құраған.

Біздегі жағдай туралы университеттер БАҚ-ты айтпағанның өзінде, жеке веб-сайттарына да мұндай мәліметтерді ұсынбайтындықтан, алдын ала бірдеме деу қиын. Әрбір құпияланған есеп-қисап пен қаржы көздерін, табысты бүркемелеу жемқорлыққа күдік тудыратындығын ескерсек, еліміз университеттерінің бұл әрекетін түсіну оңай болмайды.

Жалпы, біз өз жағдайымызды бажайлап, даму бағытымызды дұрыс белгілеу үшін, өзгелердің тәжірибесімен егжей-тегжей танысуымыз маңызды. Жоғары дамыған әлем елдеріндегі университеттерден үйрену үшін, ең алдымен оның менеджменттік құрылымын жіті зерттеуіміз керек сияқты. Әрине, әр елдің және оның университеттерінің өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Соған қарамастан, либералды демократиялық елдердің ЖОО жүйесі Америка және Еуропа үлгісіндегі деген екі басты топқа бөлінеді екен. Ұлыбритания, Германия, Франция, Жапония секілді жоғары дамыған елдерде университеттердің өзін-өзі басқару менеджменті жетілдірілгендіктен, барлығын оқу орнының ішкі мәселесі ретінде қарастырады. Нақтырақ айтсақ, университетті басқарудағы негізгі тетік - оқытушы, профессорлардың, ғылыми қызметкерлердің, қатардағы жұмыскерлер мен студенттердің қолында.

Аталмыш елдер университеттерінің басқарушы ұйымдарының құрылымына келсек, ректордың өзі де, оның жасақтаған командасы - ректорат та оқытушы ғалымдар арасынан сайланған басқарушы кеңес пен одан дербес құрылатын бақылаушы комитетке бағынады. Айталық, осындай құрылымы ең күшті дамыған Жапонияға келсек, елдің ЖОО-лары (Цукуба университе­тінен басқасы) өзін-өзі басқару жүйесіне көшкен. Университеттің штатындағы оқытушылар, қызметкерлер, студенттердің өкілдері қатыстырылған сайлаудың нәтижесінде ректор тағайындалады. Ал Батыс Еуропа елдеріндегі жағдай сәл өзгешелеу. Онда университет ұжымынан сайланған «парламенті» іспетті басқарушы органы бар. Сол өкілетті орган арқылы ректорды сайлайды және отставкаға кетіреді.

Ал  АҚШ университеттерінің жүйесі мүлде өзгеше. Ондағы барлық университеттің билігі басқару кеңесі (board of trustees, regents), әкімшілік (administration), ғылыми кеңес (senate, council, house) деген үш институттан тұрады. Олардың әрбірінің өкілеттік субьектісі, құрылу ережелері, атқаратын міндеттері мен құқықтары әр бөлек. Ондағы басқару кеңесінің орны ерекше. Олар университеттің күнделікті жұмысына тікелей араласпайды. Керісінше, ғылыми кеңестің нұсқауымен ректор мен проректорларды тағайындап, ағымдағы жұмысты жүргіздіреді. Ал өздері ректораттың жұмысына бақылау жасайды.

Университет менеджментіндегі тағы бір маңызды институт - ғылыми кеңес екені белгілі. Оны білім ордасы ұжымы сайлайтындықтан барлық мүше тең құқылы. Басқару кеңесі құрылтайшы өкілеттілігін білдірсе, ғылыми кеңес оқытушы, ғалымдар яғни, уни­вер­ситеттің академиялық ядросының өкілдері болмақ. Сондықтан, кеңестің төрағалығын біздегідей ректорға беріп қоймайды. Сондай-ақ, ғылыми кеңес өзінің ережесі бойынша белгілі мерзімге сайланатын басшысы, орынбасары, өзге қызмет штаттарымен қатар тұрақты және уақытша комитеттер ар­қылы өз ісін ұйымдастырады. Академиялық мәселелерді шешумен қатар университет өмірінің өзге де проблемалары жайында ректоратпен мәмлеге келіп отырады. Сондықтан да аталмыш құрылым университетте ұжымдық басқарудың принциптерін жүзеге асырады.  Американдық үрдісті толық түсіну үшін Калифорния университетін мысалға алайық. Атқару кеңесі (Board of Regents) 25 мүшеден тұрады. Оның 18-ін штат губернаторы тағайындайтын көрінеді. Университетті басқаратындар да, осылар. Қалған 7 мүшенің 4-ін үкіметтегі лауазымды тұлғалардан таңдаса, 2-і түлектер одағынан сайланса, 7-ші - мүше ректордың өзі. 18 мүшені бірден жергілікті үкімет тағайындауының себебіне келсек, оқу орны жергілікті үкіметтің мүлкі, әрі халыққа қызмет көрсететін маңызды нысан ретінде қарастырылатын­дығында. Сонымен қатар университетті жергілікті биліктен, саясаттан бейтарап етіп, оның академиялық еркіндігін қамтамасыз етуде оның маңыздылығы жатыр. Университетті саяси алаң, партиялық идеологияның нысаны деп қарау тым аңғалдық болар еді. Керісінше, ол біліктілік пен қабілеттілікті (merit) қастерлеп, алға тартатын принципті (meritocracy) ұстанатын білім ордасы болып табылады.

Сондықтан алаулатқан-жалаулатқан «Жас Отаннан» бастап, саяси ұйым атаулының бәрі одан тыс тұруға тиіс. Тіпті жастардың арасында «ҚДМ» деп аталатын көпшілік ұйымдардың өзін ешбір саяси партиялардың меншіктеуге құқы жоқ.

Ал біздегі заңдар мен заңдылықтарға сай ұлттық университеттер принциптік те, практикалық та тұрғыдан келгенде, іс жүзінде Білім және ғылым министрлігінің бюрократиялық бір баспалдағы болып шығады және саяси машинаға тәуелді, қағазбастылықтан көз ашпайтын енжар ұйым ретінде көрініс табады. Американың жүйесіне көзсіз еліктеген кезде, оның ішкі қыр-сырын жетік түсінбей, механикалық тәсілмен көшірудің салдарын, міне, осыдан аңғаруға болады. Принциптік тұрғыдан келсек, ұлттық университеттердің шынайы құрылтайшысы Білім және ғылым министрлігі емес, шын мәнінде, Қазақстан халқы (public) деп түсінуіміз қажет және солай болуға тиіс те. Себебі, сол оқу ордаларын салып, тұрғызуға жұмсалған қаржы-қаражат халықтың қалтасынан өтелді. Сонысымен де ол ұлттық университет. Олай болса, Қазақстандағы барлық ұлттық университеттердің мақсаты ұлтымызға адал қызмет көрсетіп, халқымызға жоғары білімді мамандар даярлап беру. Оны халықтың атынан ұйымдастырып, үйлестіріп отырған «команда» ол - қазақ үкіметі. Сондықтан Әл-Фараби, Қаныш Сәтбаев, Лев Гумилевтің атымен аталатыны бар, өзге ірілі-ұсақты барлық университеттер - қазақстандықтардың иелігінде және халыққа қызмет көрсету міндеті жүктелетіндіктен, олар бір ғана министрлік аппаратының «қолбаласы» емес, болмайды да. Осы себептен ұлттық университеттердің басқару кеңесі дейтінді құратын болсақ, ол құрылым Қазақстан халқының өкілетті ұйымы ретінде ел азаматтарының атынан ортақ мүлікті қорғап, оған жұмсалып жатқан әр тиынды қадағалауға міндетті болмақ.

Мәселенің келесі жағына келсек, ұлттық университеттер - Қазақстан халқының мүлкі. Ол санаткерлік бола ма, тікелей мағынада заттық бола ма бәрібір. Сонымен бірге ол ғылыми-зерттеу әрі білім беру мекемелері болғандықтан, қандай бір саяси ықпалдан тыс, дербес тұруға тиіс. Өкінішке қарай,  біздегі заңдарға, қаулы-қарарларға жүгінер болсақ, ұлттық университеттердің ректорларын Президент тағайындайтындығына ғана көңіл демдеуге болар, ал  басқа жағынан бір ғана министрліктің «ашса -алақанында, жұмса - жұдырығында». Оның өзінде ректорлар неше жылға тағайындалады, оның өзін неше рет қайта тағайындауға болады - ол жағы әлі анықталмаған. Университет ректорлары проректорларын өзі тағайын­дап, босататындықтан, оның жанын­дағы ғылыми кеңестің тіпті рөлі жоққа тән. Сонысымен ғылыми кеңес­тер өзінің негізгі міндетін атқаруға да дәрменсіз рәміздік дәрежедегі бюро­кратиялық бір баспалдаққа айналған. Қысқасы, қазіргі таңда ұлттық университеттер жанын­дағы басқару дейсіз бе, ғылыми дейсіз бе, қай кеңесте де, өз аппаратын бақылауға қабілетсіз, ондай құзыры да, тәжіри­бесі де жоқ. Оған ешбір негіздің болмасы да айдан анық. Ректорлар университетке келеді, кетеді. Ал  кеңес деген тетік университетпен мәңгі жасайтындықтан,  ректормен бірге проректорларды да шынайы түрде бекітетін билікке ие болса, өзінің негізгі миссиясын атқарған болар еді.

Университеттерге қатысты мәселелер қарастырылғанда, әртүрлі шешімдер ұстаз-ғалымдардың қатысуынсыз тек қана ректордың жеке қалауымен тағайындалған ат төбеліндей лауазымдылардың бас шұлғуымен қабылданатын жағдайға жеттік. Сол ләппайшылар мәселенің мәнін терең талдап түсіндірудің орнына ректорды жер-көкке сыйғызбай мақтаумен, турасын айтқанда, жағымпазданумен күнелтіп жүрген жайлары бар. Ондай ғылыми кеңестерде қандай бедел болсын.  Университеттерге қатысты мәселелер қарастырылғанда, әртүрлі шешімдер ұстаз-ғалымдардың қатысуынсыз тек қана ректордың жеке қалауымен тағайындалған ат төбеліндей лауазымдылардың бас шұлғуымен қабылданатын жағдайға жеттік. Сол ләппайшылар мәселенің мәнін терең талдап, түсіндірудің орнына,  ректорды жер-көкке сыйғызбай мақтаумен, турасын айтқанда жағымпазданумен күнелтіп жүрген жайлары бар. Ондай ғылыми кеңестерде қандай бедел болсын. Сайып келгенде, еліміздегі ұлттық университеттердің басқару жүйесін жетілдіру, оған шұғыл бетбұрыс жасау қажеттілігі өмірден туып отыр. Оны жасауға жоғарыда атап өткен АҚШ университеттерінің ұжымдық басқару тәсілдері тәжірибе болар деп үміттенеміз. Бүгінде бізге үлгі болып отырған Америкада ХІХ ғасырда университет деп атауға тұрарлықтай оқу орны болмаған екен. Ал бүгінде әлемдегі ең ұлы мәртебелі 30 университетті ата десе, оның 20-сы осы елден табылатындығына Гарвардта көп жыл декан болған Генри Росовскийдің кепілдік беруге бар екенін мәлімдеуі тегін емес болар. Мұндай ірі жетістіктің кілті университеттердің басқару құрылымын жетілдіруде болса керек.

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ,

журналист

Астана

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 15 (98) 27 сәуір 2011 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555