Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2000 0 пікір 14 Маусым, 2009 сағат 19:52

Соңғы жылдары он сегіз «шпион» ұсталды

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарсы барлау қызметі соңғы жылдары республикада астыртын жұмыс істеп жатқан 18 шетелдік тыңшыны залалсыздандырды, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев.
«Шетелдік арнайы қызметтің тыңшылық әрекетіне қарсы күресу – Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін негізгі міндеттердің бірі. Соңғы жылдары шетелдік арнайы қызмет тарапынан біздің елге деген қызығушылық еселене түсті. Олардың негізгі көздеген нысандары – Қазақстанның жер қойнауындағы байлық, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясаты. Соңғы жылдары 18 тұлғаның осы заңсыз барлау қызметіне қатысы бары анықталды. Олардың айыбы дәлелденді. Бір бөлігі сотталды, қалғандарына халықаралық құқық нормаларына сәйкес шара қолданылды», – деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік ведомствосының басшысы А.Шабдарбаев.

Соңғы кездерде шетел тыңшылары әр саладан табылып, ұсталып жатыр. ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің бастығы генерал-майор Нұржан Мырзалиев Алматы қаласында шетелдік барлауға қызмет етіп жүрген бірнеше агенттерді ұстағандарын мәлімдеген болатын. Арнайы қызмет шет мемлекеттің мүддесіне құпия мәліметтер жинап, шетелдік барлау қызметіне өткізіп жүрген екі алматылықты ұстаған. Бұдан басқа «Уран-235» радиоактивті элементінің екі келісін шетелдік агенттерге сатқан екі адам, радиоактивті отындық уран таблеткасын сатпақ болған алматылық қолға түсіп, ісі сотқа тапсырылған болатын.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарсы барлау қызметі шетелдік арнайы қызметке астыртын жұмыс істеген мемлекеттік қызметте істеген қазақстандық жансыздар да ұсталды. Шығыс Қазақстан облыстық соты, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы қаласы бойынша бұрынғы прокуроры Ділмұрат Әбдірайымовқа және Қазақстан Қарулы күштерінің бұрынғы офицері, запастағы подполковник Константин Колесниковқа сатқындық жасаған және «шпионажбен» айналысқан деген айып тағып, үкім шығарды. Бұлар Аухан деген Қытай барлау қызметінің агентіне Қазақстандағы ғарыш және қорғаныс саласында қолданылатын, зымырандық сұйық отынды тотықтандырушы «Декаборан-14» деген химиялық заттың бір литрін 30 мың долларға сатпақ болған жерінде қолға түскен.

Қайыржан ТӨРЕЖАН
«Айқын» газеті, 12 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625