Сенбі, 23 Қараша 2024
3197 1 пікір 13 Желтоқсан, 2018 сағат 16:43

Қ. Тоқаев қытайлық Genertec холдингінің басшысын қабылдады

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «China General Technology Holding» (Genertec) холдингі басқармасының төрағасы Лу Йиминді Қазақстандағы автомобиль жасау саласын жаңғыртуды көздейтін инвестициялық ірі келісімге қол қойылуымен құтықтады. Қ.Тоқаевтың айтуынша, бұл келісім сауда және инвестиция саласындағы үлкен оқиға ретінде халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында зор серпіліс туғызып отыр.

Лу Йимин Genertec холдингінің Қазақстанда қол жеткізген келісімдері мен жаңа жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жоспарлары туралы біздің тарапты хабардар етті.

Сенат Төрағасы әлемдік экономикадағы ҚХР-дың орны Қазақстанда белгілі екені және Қытаймен ынтымақтастық басым бағыт ретінде саналатынын атап өтті. Қ. Тоқаев Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің бес жыл бұрын Астанада жария еткен Жібек жолы жаңа стратегиясын іске асыруда бірлескен іс-қимылдың маңызды екенін айтты.

Сенат басшысы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты ынталандыруда екі мемлекеттің заң шығару органдарының рөлі зор екеніне тоқталды. Халық өкілдерінің бүкілқытай жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Ли Чжаньшудың Қазақстанға сапары парламентаралық үнқатысуларға жаңа серпін бере алады.

Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының Баспасөз қызметі

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404