Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 6718 0 пікір 30 Сәуір, 2011 сағат 05:00

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі ыстық ықылас пен достық ниеттің шаттық мейрамына айналды - Қазақстан халқы Ассамблеясы

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі бейбітшілік пен келісімнің мерекесі - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай барша отандастарымызға құттықтау жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ассамблея кеңесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құттықтау мәтінінде былай делінген:

Құрметті отандастар!

Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді ырыс пен ынтымақтың, бейбітшілік пен келісімнің мерекесі - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды!

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап елді тұрақтылық пен бейбіт дамуға бастаған халықтың кеңдігі мен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың кемеңгер саясаты елімізде этностық ерекшелігіне, әлеуметтік, діни және өзге де шығу тегіне қарамастан жас мемлекеттің барша азаматтарының ұйысуына негіз болды.

Бабалар арманы шындыққа айналып - тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ел бірлігін ту етіп,  елімізде сан-түрлі этностың баласы бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде.

Бүгінде Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүріне, жарқын болашаққа деген сенімнің бастауына  және көпшіліктің асыға күтер шаттық мейрамына айналды. Бұл күн әрбір Қазақстан азаматы үшін Отанға деген сүйіспеншілік сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан мойындалған еліміздегі қоғамдық келісім мен этносаралық толеранттылықты паш етеді.

Дана халқымыз «Көптің қолы біріксе - көкке жетеді» деп тегін айтпаған. Қазақстанның басты жетістігіне айналған қоғамдық келісім елдің нәтижелі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуының кепіліне және негізіне айналды. Таяуда елімізде өткен кезектен тыс Президент сайлауы Ел бірлігін көрсетіп, ұлысты ұйыстыра түсті. Халқымыздың әлем алдындағы абыройын тағы бір асқақтатып өтті.

Үстіміздегі жылы еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуде. Бұл айшықты кезең біздің сара жол таңдап, берік берекенің белесіне беттегенімізді дәлелдеп берді. Әрбір азаматын бауыр еті баласындай бауырына басқан ыстық Отанымыздың гүлденуіне жол ашты. Халқымыздың атын әлемге әйгілеп, мәртебесін өсірді.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқының он жетінші сессиясында сөйлеген сөзінде «Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспетті» деп көрсетті. Ол өз сөзінде «Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады» деп атап өтті.

Барша этнос бір атаның баласындай бейбіт тұрып жарқан байтақ даланың дархан мінезді ұлдарының Береке мен  Бірлікті егіз ұғымдар деп түсінуі елдің болашағын айқындап тұр.

Құрметті отандастар! Баршаңызды бейбіт күннің мерекесі - Бірлік күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіздігіміз баянды, мемлекеттігіміз мәңгі, еңселі еліміздің келешегі жарқын, болсын!

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі

Астана қаласы, 2011 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543