Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
4251 53 пікір 10 Қаңтар, 2019 сағат 10:29

Елбасы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздің сыртқы саясатын одан әрі экономикаландыра түсу жөніндегі жұмыс жоспары мен министрлік алдында тұрған міндеттердің орындалуы туралы мәлімет ұсынылды, деп жазады Ақорданың ресми сайты.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің сыртқы саясатын экономикаландырудың және сыртқы саяси бағытымызды әрі қарай тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.

– Күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерді де ұмытпауымыз керек. Сыртқы істер министрлігінің міндеті – еліміздің сыртқы саясатын және бейбітшілік пен тату көршілік саясатын белсенді жүргізу. Бастаған ісіміздің бәрін одан әрі жалғастыру қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Бейбіт Атамқұлов Мемлекет басшысына инвестициялық жобаларды ілгерілету жұмыстарына жүргізілген талдау нәтижелері мен министрліктің орталық аппаратының қызметін қайта түзу мәселелері жөнінде мәлімдеді.

Сыртқы істер министрі Қазақстанның дипломатиялық миссияларын сыртқы саясатты экономикаландыру жөніндегі жаңа міндеттерге сәйкес жұмыстарға бейімдеу үшін қабылданған шаралар туралы баяндады, сондай-ақ ел экспортының бағыттарын қайта қарастыру үдерісі жөнінде айтты.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Abai.kz

53 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1324
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2896
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 979
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 909