Қ.Тоқаев жастарды сенатта өтетін іс-шараларға қатыстыруды ұсынды
Бүгін Парламент Сенаты Бюросының отырысында Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылына байланысты бірқатар ұсыныстар айтты.
Оның айтуынша, еліміздегі белсенді әрі білікті жастардың өкілдерін мемлекет мүддесін ілгерілету ісіне тарту мақсатында сенаторлардың белсенді жұмыс істеуі қажет.
Парламент жоғарғы Палатасының басшысы Сенатта өтетін іс-шараларға, оның ішінде жалпы отырыстар мен комитеттердің астаналық және аймақтық жоғары оқу орындарының студенттерін, кәсіпорындардың жас жұмысшылары мен компаниялар қызметкерлерінің қатысуын ұйымдастыруды ұсынды.
Қ.Тоқаев қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде «Жас Отан» өкілдерінің қатысуымен мемлекеттің жастар саясаты мәселелері бойынша арнайы шаралар өткізуді жөн санайды.
Әділбек Қабаның facebook парақшасынан
Abai.kz