Жұма, 29 Наурыз 2024
Көк тудың желбірегені 5185 2 пікір 16 Қаңтар, 2019 сағат 09:13

Көлгіновтің қарамағындағылар "аза тұту күнін" аңсап жүр ме?

Орал қалалық әкімдігі мен облыстық ішкі саясат басқармасына жақын жердегі орталық көшеде орналасқан «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» мемлекеттік мекемесінің дәл алдында Мемлекеттік Туымыз көптен бері тұғырынан төмен түсіп, ұлттық аза тұту күніндегідей салбырап тұр! Ал, «ҚР Мемлекеттік рәміздері» туралы Заңның 4 -бабында: "Ұлттық аза тұтуға байланысты Мемлекеттiк Ту ұлттық аза тұту мерзiмi ішінде төмен түсiрiледі» делінген.

Орталықта орналасқан мемлекеттік мекемелердің алдындағы көк Байрағымыздың түрі мынау болса, қаланың шетінде немесе тасада орналасқан мекемелердегі мемлекеттік Тулардың түрі қандай екенін ойласаң қаның қараяды.

Өз еліміздің Туын құрметтей алмасақ, жастарға қайдан патриоттық тәрбие береміз, мемлекеттік мекеме басшылары рәміздерге немқұрайлы қараса, қарапайым адамдарға Ту мен Елтаңбаны құрметте деп қалай айтамыз?!

Жергілікті жердегі Мемлекеттік рәміздердің дұрыс орналасуын қадағалау органы - ішкі саясат басқармасы қайда қарап отыр екен?

Жергілікті билік бұл жағдайды ауа-райына байланыстыруы мүмкін. Алайда, еліміз тыныш заманда ауа-райына байланыстыру күлкілі жағдай.  Себебі, Туды төмен түсіретіндей  Оралда  қаласында қатты жел тұрып «Тайфун» болып,  циклон соқпады (ондайдың бетін әрмен қылсын). Сонымен қатар  «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық қазыналық  мемлекеттік кәсіпорында бірнеше қызметкер жұмыс жасайды. Ата-бабаларымыз жаугершілік, қиын -қыстау заманда  Қазақ Елінің Байрағын еш төмен түсірмесе, құлатпаса, Оралда қайталанатын осындай жағдайлар, әкім-басшылардың патриоттық сезімнің төмендігі және  Мемлекеттік рәміздерге деген немқұрайлы қараулары болып табылады.

Жергілікті әкім-басшылар еліміздің шынайы патриоты  болса,  аза тұта жаман ырым бастап тұрғандай төмен түсіп тұрған  Мемлекеттік Туды заңға сәйкес орналастыруы және мекеме басшысынан шара алуға тиіс. Жоқ, әлде Көлгіновтің қарамағындағылар аза тұту күнін аңсап жүр ме?

Талғат Қатауов

Abai.kz

 

 

 

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3613