Сенбі, 23 Қараша 2024
4287 7 пікір 16 Қаңтар, 2019 сағат 10:25

Қырғызстанда орыс тілінің ресми мәртебесін алып тастауды ұсынды

Қырғызстанда Конституциядан орыс тілінің ресми мәртебесі туралы ережені алып тастауға қатысты референдум өткізуді ұсынды.

Қоғамдық, саяси және патриоттық күштер құрылтайының атқарушы комитеті конституциялық реформа жасау туралы жоба дайындаған.

Бішкекте 15 қаңтарда өткен кездесуде қоғамдық құрылтай өкілі Әзімбек Бекназаров орыс тілінің ресми мәртебесіне қатысты былай деді:

"Орыс тілі керек. Бірақ халықаралық маңызы бар тіл ретінде ғана қажет. Бұл тіл балабақшада ағылшын тілі секілді шет тілі ретінде оқытылуы тиіс. Мемлекеттік тіл - қырғыз тілі болып қалуы қажет. Іс қырғыз тілінде ғана жүргізілуі керек. Осындай шара қабылдамасақ, қырғыз тілі жойылады".

Бастамашыл топ конституциялық реформа туралы заң жобасында референдумды биыл 24 қарашада өткізуді ұсынып отыр.

Қырғызстан Конституциясында орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие. Қалаларда іс қағаздары мен қызмет көрсету орыс тілінде жүргізілетініне қоғамның белгілі бір тобы риза емес.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434