Жексенбі, 24 Қараша 2024
4102 0 пікір 5 Ақпан, 2019 сағат 11:38

Жастар жылы аясында жас таланттардың қатысуымен конференция өтті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Жастар жылы аясында жас талантарды қолдау бағдарламасы бойынша халықаралық конкурстарға қатысып қайтқан және шығармашылық жеке концерттерін өткізген әншілердің қатысуымен пресс-конференция өтті.

Пресс-конференцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов, Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденінің иегері Мөлдір Әуелбекова, әнші Нұрболат Абдуллин, Жігіттер квартетінің солисті Ердос Қанаев, әнші, Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әли Оқапов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлішер Кәрімов, Астана қалалық «Жастар» театрының директоры Ернар Жұматаев, Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Бақтияр Алдамжан қатысты.

«Мемлекет шығармашыл жастарды қолдауға үлкен мән береді. Оған министрліктің дәстүрлі негізде өткізіліп жатқан түрлі бағыттар мен жанрларды қамтитын халықаралық және республикалық конкурстар мен фестивальдері дәлел. Мәселен, Құрманғазы атындағы республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсы, Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі орындаушылар конкурсы, жаңа өнер туындыларына арналған «Тәуелсіздік толғауы» және «Елім менің» атты патриоттық негіздегі республикалық конкурсы, вокалистер, скрипкашылар, пианистер, балет артистерінің халықаралық конкурстары, Шәмші Қалдаяқов әндерінің фестивалін атап өтуге болады. Аталған конкурстарға еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды жас орындаушылар қатысады. Сонымен қатар, министрлік тарапынан дарынды жастар жақын және алыс шетелдерде өткізілетін халықаралық конкурстарға тұрақты жіберіліп тұрады. Сондай-ақ, аса дарынды шығармашыл жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын Елбасының Жарлығымен Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия беріліп тұрады. Атап айтсақ, талантты дирижерлар Алан Бөрібаев, Қанат Омаров, балет солистері Әйгерім Бекетаева, Мадина Баспаева, Жанель Төкеева, Мукарам Абубахриева, дәстүрлі әншілер Ерлан Рысқали, Айгүл Қосанова, танымал театр және кино әртістері Әлия Телебарисова, Аида Жантілеуова, Берік Айтжанов, Әділ Ахметов, Санжар Мәдиев, Самал Еслямова, Аян Өтепберген, Еркебұлан Дайыров, суретші Анар Әбжановалар мемлекеттік стипендия иеленген болатын. Сонымен қатар, жыл сайын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстанның талантты жастары шет елдерде өткізілетін халықаралық байқауларға қатысып, біздің еліміздің мәдениет пен өнер саласында жеткен жетістіктерін шет елдерде паш етуде», - деді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов.

«Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының эстрада бөлімінің жетекшісі Мөлдір Әуелбекова осы уақытқа дейін де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен қазақстандық жас дарындар әлемдік дәрежеге шыға алатындай қолдауға ие болғанын, алдағы уақытта да таланттар ескерусіз қалмайтына сенімді екенін жеткізді. «2019 жыл Жастар жылы болып жарияланып, қатты қуанып жатырмыз. Бұл жыл жастар үшін жемісті әрі жеңісті жыл болады деп сенемін. Енді «Қазақконцерт» бірлестігінің өткен жылғы атқарған жұмыстарына тоқталсам, үлкенді-кішілі 139 жобаны жүзеге асырдық. Оның ішінде 2 халықаралық жоба бар. Атап айтқанда, екінші халықаралық «Астана» театр фестивалі өтті. Екінші жобамыз әлемде әйгілі Notre Dame de Paris мюзиклі алғаш рет қазақ тілінде қойылды. Бұл мюзиклді алдағы уақытта Азия елдеріне шығару жоспарда бар. Сонымен қатар, ерекше атап өткім келетін жайт, қазақстандық таланттар әлемдік дәрежеге жетіп, еліміздің абыройын асқақтатып жүр», - деді әнші, «Құрмет» орденінің иегері Мөлдір Әуелбекова.

Ал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлішер Каримовте Жастар жылы жастарға үлкен мүмкіншіліктер беретіндігін баса айтып, былтырғы шығармашылық жетістіктері жайында сөз қозғады. Биыл өнер жолында жүргеніне 15 жыл толатындығын, алдағы уақытта еліміздің түпікір-түпкірінде концерт беру ойында бар екендігін атап өтті.

«Елбасымыздың бастамасымен 2019 жылдың Жастар жылы деп жариялануы жастарға берілген үлкен қолдау деп ойлаймыз. «Жігіттер» квартеті сахнада жүргеніне 15 жыл толуына орай есеп беру концертін өткен жылы Алматыдағы «Алматы Арена» стадионында өткізді. Желтоқсан айында Астана қаласында мерейтойымызды атап өттік. Халықтың көңілінен шығатын кеш өткіздік деп ойлаймыз. Таяу арада 15 жылдық мерейтойға арналған бағдарламамызбен алыс-жақын елдерде өнер көрсету жоспарымызда бар», - деді өз кезегінде «Жігіттер» квартетінің әншісі Елдос Қанаев.

Ал «Астана Опера» театрының солисі, Бақтияр Адамжан биылғы жыл жастарға зор жауапкершілік те жүктейтіндігін баса айтты. Мемлекеттік жастар саясатының арқасында жастардың үлкен жетістіктерге жетіп жатқаныдығына да назар аудартты. «Мәселен, өзім 2013 жылы Астанаға келгеннен бері өмірім күрт өзгерді. Бұл жастарға берілген мүмкіншіліктің, дұрыс көзқарастың арқасы деп ойлаймын», деді Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Әнші Әли Оқапов та өткен жылғы шығармашылық жетістіктеріне тоқталды. «Өткен жылы бір арманым орындалып, жеке кешім өтті. Еліміздегі ең үздік концерт залында, үздік мамандардың қолдауымен керемет кеш өтті деп есептеймін. Биылғы жылғы жоспарларым да орындалады деп сенемін. Жастар жылына орай концерт беруге дайынбыз»,- деді Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әли Оқапов.

«Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қолға алынған көптеген жақсы істер атқарылуда. Кеше ғана Елбасымыз 2019 жылды Жастар жылы деп бекітіп берді. Мұның өзі жастарға көптеген мүмкіндіктер беріп отыр. Әрбір мамандық иесі өз тарапынан еліміздің дамуына өзінше көмегін беру керек. Мен өзіміздің театрдың жетістігін айтар болсам, театрымыз ашылғанына 12 жыл болса, сол аралықта 11ден аса халықаралық байқаудан жеңімпаз болдық. Міне, осындай үлкен жобаларға қатысуымыздың өзі Министрліктің қолдауымен болып жатқанын ерекше атап өткім келеді», - деді Астана қалалық «Жастар» театрының директоры Ернар Жұматаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576