Сенбі, 23 Ақпан 2019
913 2 пікір 8 Ақпан, 2019 сағат 10:06

Талғат Ешенқұлов ҚР білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Т. Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Жоғарғы Сотында, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде қызмет атқарған. 2007–2011 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментін басқарған.

2016–2018 жылдары — ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасы орынбасары. 2018 жылғы наурыз–қыркүйек аралығында негізгі қызметкердің әлеуметтік демалысы уақытында ҚР білім және ғылым вице-министрі лауазымын атқарған.

2018 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі таңға дейін — ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Түпнұсқа: primeminister.kz

Abai.kz

2 пікір