Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2243 0 пікір 15 Маусым, 2009 сағат 07:16

Жәмила Жәкішева. Ешкімге өкпем жоқ

 

Бұл жолы Жәмила Жәкішева баспасөз мәслихатына әйел затынан жалғыз келді. Есесіне, жанында үш ер азамат бар. Үшеуі де Мұхтар Жәкішевті қорғамақ. Олар - адвокаттар Данияр Қанафин, Нұрлан Бейсекеев және қоғамдық қорғаушы Асылхан Дүйсембин. Ал өткенде жиналған басқа ханымдардың бұл жолы журналистер алдына неге келмегені белгілі еді. Өйткені Жәмиладан өзгелері жұбайларымен жолықты. Бірақ қастарында ҰҚК қызметкері кірпік қақпай қадағалап отырғандықтан, олардың ешқайсысы да күйеуімен шүйіркелесіп әңгімелесе алмаған көрінеді. Әйтсе де әйелдер соның өзіне риза болу керектігін түсініп, ары қарай арыздана беруді жөн санамапты. Оның үстіне, о баста Жәкішевтен кейін күдікті ретінде тобымен торға түскен «Қазатомөнеркәсібінің» бұрынғы вице-президенттері Дмитрий Парфенов, Малхаз Цоцория және Асқар Қасабековтің енді осы іске куәгер ретінде қатысып, экс-бастықтарының не бүлдіргені жайында мәлімдеме жасап үлгергені мәлім.
Біз Жәмила Жәкішеваның өзі айтып берген соңғы жағдайды және «Жас қазақтың» сұрақтарына жауабын қалың оқырман назарына ұсынамыз.

 

Бұл жолы Жәмила Жәкішева баспасөз мәслихатына әйел затынан жалғыз келді. Есесіне, жанында үш ер азамат бар. Үшеуі де Мұхтар Жәкішевті қорғамақ. Олар - адвокаттар Данияр Қанафин, Нұрлан Бейсекеев және қоғамдық қорғаушы Асылхан Дүйсембин. Ал өткенде жиналған басқа ханымдардың бұл жолы журналистер алдына неге келмегені белгілі еді. Өйткені Жәмиладан өзгелері жұбайларымен жолықты. Бірақ қастарында ҰҚК қызметкері кірпік қақпай қадағалап отырғандықтан, олардың ешқайсысы да күйеуімен шүйіркелесіп әңгімелесе алмаған көрінеді. Әйтсе де әйелдер соның өзіне риза болу керектігін түсініп, ары қарай арыздана беруді жөн санамапты. Оның үстіне, о баста Жәкішевтен кейін күдікті ретінде тобымен торға түскен «Қазатомөнеркәсібінің» бұрынғы вице-президенттері Дмитрий Парфенов, Малхаз Цоцория және Асқар Қасабековтің енді осы іске куәгер ретінде қатысып, экс-бастықтарының не бүлдіргені жайында мәлімдеме жасап үлгергені мәлім.
Біз Жәмила Жәкішеваның өзі айтып берген соңғы жағдайды және «Жас қазақтың» сұрақтарына жауабын қалың оқырман назарына ұсынамыз.

Жәмила Жәкішева: Күйеуімнің басындағы жағдайға әлі де алаңдаулымын. Өйткені Мұхтармен жолығуыма мүмкіндік берілмей жатыр. Өз бетімізше адвокат жалдауға да еш мүмкіндік жоқ. ҰҚК өз қорғаушыларын тықпалап әуре. Ал біз ұсынған адамдарды жолатпайды. Бұл комитеттің өкілдері барлық заң талаптарын орындаймыз, ешкімнің құқығы аяқ асты етілмейді дейді. Бірақ шын мәніндегі жағдай олай болып жатқан жоқ. Өткен аптада «осы іске қатысты тергеу амалдары заң шеңберінде жүрсін» деп Бас прокурорға Елбасының өзі ескертті. Осы тапсырманың орындалмай жатқанын көзбен көріп отырмыз. 
Жұрт мынаны түсінсе екен деймін: Оның (М.Жәкішевтің - ред.) кінәлі не кінәсіздігі әлі белгісіз ғой. Яғни сот шешімі шыққан жоқ. Анық-қанығына жетпей тұрып, адамды кінәлі деп санауға болмайтынын білесіздер. Ал базбір ақпарат құралдары менің күйеуімді «қылмыскер» деп атап та жіберді.
Мұхтардан кейін ұстаған оның орынбасарлары енді аяқ астынан куәгер болып шыға келді. Жақсы, куәгер бола қойсын. Ал ҰҚК қызметкерлері оларды да қорғаймыз деген. Бірақ «Хабардан» берілген «Уран былығы» атты фильмді көрген боларсыздар. Онда куәгерлердің аттары аталып, түстері түстелді. Сонда бұл қалай? Қорғайтыны рас болса, оларды сотқа дейін жан баласына көрсетпеу керек еді. Оның үстіне, осы фильмде Мұхтарды «қылмыскер» деп үш рет айтты.
Тергеушілер мені де осы іске тартамыз деген сыңай танытып, қорқытып-үркіте бастады. Кез келген адамның өз қалауынша адвокат жалдауға құқығы бар ғой. Егер олардың анық дәлелдері бар болса, біз ұсынған қорғаушыларды осы іспен таныстырсын. Әр нәрсені сылтауратып, жалтара бермесін. Бәрін осылай заң шеңберінде жүргізуге не кедергі? Олар неден қорқады?
Жас қазақ: Жаңа сіз «ҰҚК өз адвокатын тықпалап жатыр» дедіңіз? Ол кім екен? Өзі сізге хабарласты ма?

Жәмила Жәкішева: Күйеуім ұсталғаннан кейін екі апта өткенде барып, яғни 5 маусымда ҰҚК тарапынан Мұхтарға адвокат болып тағайындалған адам хабарласты. Аты-жөні - Игорь Спиридонов. Ол: «Істің мән-жайымен таныстым. Бәрі дұрыс. Күйеуіңіздің жағдайы жақсы»,  -  деді. Өткен бейсенбіде барлық әйелдер Астанадағы тергеу қапасының алдын дүрліктіріп едік қой. Соның артынша осы адам пайда болды. Ол тіпті күйеуімнің медициналық анықтамасын іске қосымша ретінде тіркегенін айтады. Бірақ ол мұны қалай алды? Дәрігер берген қағаздың бәрі менің қолымда ғой. Оларды менен басқа ешкім ала алмайды. Осыдан кейін Спиридоновтың күйеуімнің құқығын шын қорғағысы келетініне сене алмаймын. Ал өз басым осы іске қатысты ешқандай да құжатты көрмедім.

Жас қазақ: Спиридонов мырза тағы басқа не айтты?

Жәмила Жәкішева: «Ешкімге ештеңе айтпа. Жұртты дүрліктірме. Ақпарат құралдарымен байланыспа. Тыныш қана отыра бер» дейді. Ал мен дәл қазір тыныш отыра алмаймын. Күйеуіме не болатынын, оны қорғауға қатысты нақты қандай шара қолданылып жатқанын білгім келеді. Бұл адвокат, жаңа айтқанымдай, Мұхтар ұсталғаннан кейін екі аптадан соң ғана хабарласты. «Соншама уақыт телефон соғып таба алмадым» дейді. Шынымды айтсам, өзі біртүрлі адвокат екен.
Сосын ол маған күйеуім жазған хатты берді. Онда Мұхтар өзіне не жіберу керектігін, оны алуға мүмкіндігі бар екенін жазған. Сонымен бітті.

Жас қазақ: Күйеуіңіз ұсталғалы бері онымен бір рет те тілдесе алмадыңыз ба?
Жәмила Жәкішева: Мен өзім онымен сөйлесе алмадым. Жолықтырмай жатыр. Не үшін кездестірмейтінін айтқан жоқ. 
Жас қазақ: Мұхтар Жәкішев ұсталардың алдында бұрынғы депутат Татьяна Квятковскаяның оған қарсы мәлімдеме жасағаны белгілі. Бұл ҰҚК-ның қазіргі әрекетіне түрткі болды деп ойлайсыз ба?
Жәмила Жәкішева:  Бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймын...

Жас қазақ: Күйеуіңіз өзінің ұсталатынын алдын ала сезді ме екен?
Жәмила Жәкішева: Егер сезсе, бір амалын жасар еді ғой. Ондай ештеңесін байқамадым. Өткен аптадағы баспасөз мәслихатында айттым ғой. Ол ұсталар алдында Астанаға ресейлік сапартоппен кездесуге кеткен болатын. Дәл сол кезде ештеңеден сезіктенген жоқ деп ойлаймын.

Жас қазақ: Өткенде ғана өзіңізбен иық тірестіріп, баспасөз мәслихатын өткізген, енді күйеуімен жолығуға мүмкіндік алған басқа әйелдер не айтып жатыр?

Жәмила Жәкішева: Олар не айтсын? Күйеулерімен дұрыстап сөйлесуге мүмкіндіктері болған жоқ қой. Жұбайлары «Аман-есенбіз. Ешқайда барудың қажеті жоқ. Дүрліктіре бермей, тыныш отырыңдар» депті. Оның үстіне, бұлардың әңгімесін бақылап отырған комитет қызметкерлері де «жайларыңа жүріңдер» дегенді мегзеп айтыпты. Басқа әйелдер туралы білетінім - сол ғана.
Жас қазақ: Қалай ойлайсыз, бұрынғы вице-президенттер неге аяқ астынан куәгер болып шыға келді?

Жәмила Жәкішева: Ол жағын білмедім. Араларында болған жоқпын. Сондықтан ештеңе дей алмаймын.    
Жас қазақ: Ал олардың өткенде көрсетілген мәлімдемесіне сіз қалай қарайсыз?

Жәмила Жәкішева: Оған қалай қарауым керек еді?

Жас қазақ: Олардың енді күйеуіңізді жамандап шыға келгеніне ренжімедіңіз бе дегенім ғой...

Жәмила Жәкішева: Білесіз бе? Мен ешкімді де кінәламаймын. Әрқайсысының өз себептері болған шығар. Олар өз қалауынша әрекет ете алады ғой. Бұларға ол жақта не болғанын, қалай болғанын білмеймін. Сондықтан ешқайсысына өкпем жоқ. Бәрін уақыт өзі орнына қояды.

Жас қазақ: Мұхтар Еркінұлының анасының жағдайы қалай?

Жәмила Жәкішева: Жақсы деп айта алмаймын, әрине. Баласын уайымдап жүр.

Жас қазақ: Ал балаларыңыз ше?

Жәмила Жәкішева: Балалардың жарасы жеңілдеу ғой...

Жас қазақ: Қанша балаңыз бар?

Жәмила Жәкішева: Бесеу.

Жас қазақ: Олар шетелде оқи ма?

Жәмила Жәкішева: Жоқ. Өз елімізде оқиды.

Жас қазақ: «Қазақстан» арнасында да осы іске байланысты арнайы репортаж көрсетілді. Соны көрдіңіз бе?

Жәмила Жәкішева: Ол қандай?

Жас қазақ: Арнайы репортаж. «Хабардағы» фильм іспеттес қой...

Жәмила Жәкішева: Оны көрген жоқпын.

Жас қазақ: Сонда Жәкішевтің Алматыдағы кеңсесінде тұрған сейфтен миллиондаған доллар табылғаны айтылды. Ол не ақша? Қандай кеңсе?

Жәмила Жәкішева: Оны мен білмеймін...

Жас қазақ: Сіздің атыңызда «Қазатомөнеркәсібіне» қарасты «Демеу» деген компания бар дейді. Сол рас па?

Жәмила Жәкішева: Менің білетінім - «Қазатомөнеркәсібінде» әлеуметтік бағдарламамен арнайы айналысатын сондай компания бар. Бірақ оған менің еш қатысым жоқ.

Сөз соңында  айтқым келетіні: Бұл тақырыпты   қозғаусыз      қалдырмаңыздаршы. Өйткені осы істің қай арнаға бұрылатыны сіздердің араласуларыңызға байланысты. Айтқанымыздың бәрі - шындық. Өз мақсатымызға жетуге барынша тырысамыз.

Әңгімелескен Оразәлі БАЙМҰРАТ

«Жас қазақ» газеті, №23, 12.06.2009

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5607