Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
5318 0 пікір 13 Ақпан, 2019 сағат 11:06

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Исатай Бақтиярұлы Сартаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылды.

Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды.

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, ол Президент Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Президент Жарлығына сәйкес, Е. Тұрғымбаев ҚР жаңа ішкі істер министрі болып тағайындалды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1104
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2642
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 733