Жұма, 2 Қазан 2026
3635 1 пікір 13 Ақпан, 2019 сағат 13:51

Мұхамедиұлы мәдени нысандарды жекешелендірмеудің жолын қарастырып жатыр

Бүгін Мәжіліс отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заң жобасын қарап жатыр.

Жиында сөз алған Мәдениет миинстрі А.Мұхамедиұлы  Заң жобасында тарихи-мәдени обьектілерді жекешелендіруге жол бермеу мәселелері қарастырылғанын айтты.

«90-жылдары маңызы бар объектілер қараусыз қалып, олардың барлығы мемлекеттің қарамағына өтті. Қараусыз қалған ескерткіштеріміз өз маңыздылығын да жоғалтып алатын еді. Қазір мәдени ескерткіштерді жекешелендіруге жол бермеуді қарастырып жатырмыз. Мүлік туралы заңда бұл туралы жазылған. Еліміздегі мәдени маңызы бар объектілердің тізімі Үкімет отырысына ұсынылады. Үкімет тізім бойынша шешімін шығарады» деді Мәдениет және спорт министрі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 368
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 388
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 590