Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4841 4 пікір 14 Ақпан, 2019 сағат 11:56

"Жынымды келтірмеңізші..."

Адамда жын болады, Жыны жетіп келген соң, жым болады... Әсіресе, шенеуніктер тілшілердің сұрақтарына сылқ етіп, бүйректері былқ етіп, тіпті, ашуланып кетеді. Ғарышкер Мұсабаевтың тілшіге не дегенін, сол тілшінің тас араласқан «каша» жегенін де білеміз. Шенеуніктерді қойшы, халықтың арқасында «қозы қарын» болып жүрген Төреғали секілді әншілер де тілшілерді маңайына жолатпаған.

Енді міне, Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің  тарифке қатысты сұрақ қойған тілшіге берген жауабы жынданып кетті... Оның жыны «жындыханаға» түсті. Қазір сонда жатыр.

Жын деген... Қалай түсіндірсем екен? Адам біткен ашуланғанда, бір нәрседен мезі болғанда: «Жынымды келтірмеші!» дейді. Ал адамның жындары әр қиырдан келеді. Бірі таксилетіп тез келсе, екіншісі ұшақпен ұшып келе салады. Олар жәй келмейді, сол адамның аузына бір түрлі сөздер салып, жұрттың алдында масқарасын шығарады. Оны қойшы, қарапайым қазақ әйелдерінің де, жындары жастық астында жатады.

-Мәрияш, соткаңды мен үшін блоктап тастағаның не?- -деп сұрайды қатар жатқан әйеліне.
-Қойшы, ұйықтап жатырмын деймін!
-Инстаграмды мен үшін блоктап тастапсың...
-Қойшы, уже бір көзім ұйықтап кетті...
-Бір пәлең бар, менен жасыратын...
-Жынымды келтірмеші!
-Жының қайда?
-Жыным жастықтың астында!
Міне, ерлі-зайыптылар арасындағы жын жастықтың астында жатады екен.

Ал, Серік Жұманғарин мырзаның жыны мұрнының ұшында «қымбаат туфли киіп» отыр. Ол тілшінің тариф туралы сұрағына жауап беруден бас тартты.
-Еліміздегі тарифтер неге қымбат?-деп сұрады тілші.
-Қымбат болған соң қымбат. «Қымбат... Қымбаттым!» деген сөзер қандай әдемі, жұмсақ естіледі...-деп айтқан жоқ ол.
-Дегенмен, тариф...
-Ой айналайын, жынымды келтірмеші!
-Тариф...
-Бұл басқа шара ғой? Не болды? Кеше парламентте тарифтер туралы айттым. Жынымды келтірмеңізші?-деп айтты ол.
-Тариф туралы...
-Сіздер тариф туралы сұрауға келдіңіздер ме? Маған арнайы келіңізші, мен сізге тариф туралы басынан аяғына дейін барлығын айтып берейін. Жынымды келтірмеңізші! –деп айтты ол.
-Кешіріңіз, басыңызға келе беретін жыныңыз туралы айтып беріңізші?
-Жын? Ол кәдімгі жын.. Жүн емес!-деп айтқан жоқ ол. Бірақ, «Жынымды келтірмеңізші!»- деп ашуланғаны рас...

Олай болса, осы жазбаны жазған, сатирик МұхШЕР, маған да жыныңыз келмесінші!!

Мұхтар Шерімнің facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627