Бүгін Астанада суретшілердің халықаралық симпозиумы өтеді
Бүгін «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстандағы жастар жылының аясында, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Дала арулары – Женщины степи» қоғамдық қоры – қоғамдық ұйымы Кәсіби суретшілердің халықаралық симпозиумын өткізбек.
Мәдени іс-шараға қатысатын суретшілердің көрмесінің ашылуы 2019 жылғы 19 ақпанда сағат 16.30-да Тәуелсіздік сарайында өтеді. Симпозиумның шеберлік сыныптарымен 20-23 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Музейінің №2 Қазіргі замануи өнер залында танысуға болады.
Қазіргі таңда мәдениеттанымдық бағыттағы мемлекеттік бағдарламалардың молшылығына қарамастан, Қазақстанда бейнелеу және сәндік-қолданбалы мәдениет саласындағы ұлттық мәдениетті дамыту және қорғау бойынша нақты сындарлы саясат жоқ. Симфониялық музыка, опералық өнер сияқты классикалық өнер түрлері белсенді дамып келеді, ал станокпен жасалған кескіндеме, графика, мүсін сияқты халық өнерінің түрлері көлеңкеде қалып қойды. Біздің спортшыларымыз, әншілеріміз, шахматшыларымыз бүкіл әлемге танымал; енді өзіміздің кәсіби суретшілерімізді әлемдік сахнаға белсендірек ілгерілетуге уақыт келді.
Симпозиумды өткізу әртүрлі өңірлерден келген суретшілердің шығармашылық ұмтылыстарының және тіл артықшылықтарының ортақтығын немесе айырмашылығын тереңірек түсінуге ықпал етеді, бұл сондай-ақ өнердің заманауи күйін зерттеу үшін өте маңызды.
Ұлы Даланың бірегей рухани мұрасы заманауи мәдени және зияткерлік әлеует үшін негіз болып табылады, бұл елдің туристік тартымдылығына тікелей әсер етеді, терең тарихы, төл мәдениеті және рухани дәстүрлері бар ел ретінде Қазақстанның оң имиджін қалыптастырады. ХХІ ғасырдағы қазақстандық суретшілердің суреттері – заманауи бейнелеу өнерінің ізденістерінің нақты бейнесі. Олардың арасында Д. Қасымов, Т. Тілеужанов, А. Баяндин, М. Нұрғожин, Г. Мырзашев, С. Смағұлов, А. Старков, К. Ақашев, Е. Оспанов сияқты және көптеген өзге әйгілі адамдар бар.
Бүгінгі күні суретшілер бейнелеу өнерінің саласындағы кәсіпқойлардың күшін біріктіру қажет екенін түсінеді, бұл Қазақстан мен оның халқын әлемдік өркениеттің маңызды элементі ретінде жайғастыруға мүмкіндік береді.
Симпозиумның жұмысына Алматы, Шымкент, Санкт-Петербург, Тбилиси, Бішкек, Павлодар, Самарқанд қалаларынан 25 жоғары кәсіпқой суретші мен Астана қаласынан 15 шебер қатысады.
Abai.kz