Жексенбі, 24 Қараша 2024
3098 8 пікір 20 Ақпан, 2019 сағат 11:22

Көп балалы аналар наразылығынан соң "Мың пәтер" бағдарламасы таныстырылды

Көп балалы аналардың Астанада екі аптаға созылған наразылығынан соң үкімет балалы жас отбасыларға арналған тұрғын үй бағдаламасын таныстырды. Жастар мемлекеттік пәтерлерді үш жылға жалға ала алады.

"Мың пәтер" бағдарламасы елдің үш ірі қалаларында – Астана, Алматы және Шымкентте жүзеге асырылады. Астана осы бағдарлама аясында 350 пәтер алады. Азаматтар баспана жалға алу ақысы үшін 8 мың теңге ($20) төлеп, мұнда үш жыл тұрады деді қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев.

Пәтерлер кімдерге жалға берілетіні анықталған: 29 жасқа дейінгі балалы жастар арасынан жергілікті билік жалға алушыларды іріктейді.

Қазақстан парламентіндегі депутаттар елде баспана мәселесін шешуге бұл бағдарлама аздық ететінін мәлімдеп үлгерді. Депутаттар баспанаға үміткерлерді жасына қарай шектемеуді ұсынып отыр.

Депутат Гүлнар Иксанованың айтуынша, жас шектеуін 35-ке дейін көтеруге болар еді.

Бір ғана Астана қаласында 45 мың адам пәтер кезегінде тұр. Оны кем дегенде он жыл күтуге тура келеді.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618