Жексенбі, 24 Қараша 2024
3150 0 пікір 25 Ақпан, 2019 сағат 10:12

Қазақстан Қырғызстанның екі су қоймасына бейне камера орнатуды ұсынған

Қазақстан Қырғызстанның екі су қоймасына бейне камера орнатуды ұсынады. Бұл жөнінде парламентте өткен отырыста Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрі Нурбек Мурашев мәлімдеген.

Оның сөзінше, қазақстандық делегациямен көктемгі егінді суғару маусымы жайында сөйлескен. Сол кезде қазақстандық тарап Орто-Токой мен Киров су қоймасына судың көлемін бақылап отыру үшін, бейнекамералар қоюды ұсынған. Қырғыз тарабы мұндай шартпен келіспейтінін жеткізген. Осыдан кейін Қазақстан қырғыздың бірқатар ауыл шаруалышығы өнімдерін импорттауға тыйым салған.

Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстанның талабын орындаудан бас тарттық, себебі бұл құпия ақпаратқа жатады деді.

Қазақстан 19 ақпаннан бастап Қырғызстанның және Өзбекстанның бірқатар өнімдерін еліне кіргізуге тыйым салды.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі Қырғызстаннан келетін алма, құрмаға және Өзбекстаннан келетін шынарға тыйым салатынын мәлімдеген. Айтуынша, аталған өнімдер санитарлық талаптарға сәйкес келмейді, құрт шыққан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576