Қазақстан мен Иран арасындағы мәдени байланыс жаңа сапалы даму деңгейіне шықпақ
20 мамырда Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Иран Ислам Республикасының мәдениет және Ислам бағыты жөніндегі министрі Сейед Мохаммед Хоссейни мырзамен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет министрінің баспасөз қызметінен.
Оның барысында мәдениет саласының екіжақты қарым-қанынасына қатысты бірқатар мәселе қарастырылып, талқыланды.
Сонымен қатар екі ел арасындағы мәдени байланыстарды жаңа сапалы даму деңгейіне шығару жайы да сөз болды.
М.Құл-Мұхаммед баспа ісі, кинематография саласындағы қарым-қатынасты жандандыра түсу қажеттігіне баса назар аударды. Сонымен қатар болашақта өнер және тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру кезінде Қазақстан жағы ирандық қалпына келтірушілердің көмегін пайдалануға әзір екендігін де жеткізді.
Ирандық жоғары мейман өз кезегінде мәдени және рухани байланыстардың одан әрі нығая беретіндігіне сенім білдіріп, Иран әдебиеті классиктерінің еңбектерін қазақ тіліне, ал қазақ классиктерін парсы тіліне аудару жұмысын қайта қолға алу керектігіне тоқталды. Сонымен қатар Иран мен Қазақстанда екі елдің мәдени күндерін өткізу туралы да сөз болды.

Сонымен қатар кездесу барысында үстіміздегі жылдың 8-11 мамыр аралығында Иранның астанасы Тегеран қаласында мәдени қарым-қатынасқа арналған «Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі диалог» атты Форумның өткені айтылды. Оған Азия континентінің 31 мемлекеті қатысқан. Қазақстан делегациясын мәдениет вице-министрі Ғазиз Телебаев бастап барды. Отырыс кезінде Ұйымның ірі мәдени орталығын құру жөнінде әңгіме өрбіді. Осы жиында Иран жағы Азияның мәдени Орталығын құруды ұсыныпты.
Айта кету керек, статистикалы мәліметтер бойынша, Иранды бүгінгі таңда 12 мыңға тарта қазақ этносының өкілдері мекендейді.